250 немесе 270 СЕН-ді тапсыруым керек пе

250 немесе 270 СЕН-ді тапсыруым керек пе

Бізге бірден төрт ұқсас сұрақ келді, «Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағаны үшін алғыс білдіреміз.

Өткен жылы ЖК және ЖШС басшысы ретінде 250 нысаны бойынша кіріс декларациясын тапсырған едік. 2024 жылы мен ЖШС басшысы ретінде тіркеуден шықтым, бірақ оңайлатылған ЖК ретінде тіркелдім. Биылғы жылы 270 нысаны бойынша декларация тапсыруым керек пе?

Егер сіздің шетелде мүлкіңіз немесе қатысу үлестеріңіз болмаса, есепті жылы 20 000 АЕК-тен астам сомаға сатып алу жасамасаңыз, жеке практикамен айналыспасаңыз және қосымша табыс көздеріңіз болмаса, мүлікті иеліктен шығармасаңыз, онда сізге 270 және 250 нысандарын тапсырудың қажеті жоқ. Биылдан бастап ЖК бұл нысандарды тапсырудан босатылды, өйткені олар мамандандырылған салық нысандарын тапсырады, сіздің жағдайыңызда — бұл 910 нысаны.

2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың сәуіріне дейін мен жалпы белгіленген режимдегі ЖК болып жұмыс істедім, 2025 жылдың сәуірінде мен ЖК-ны жауып тастадым. 2024 және 2025 жылдар үшін 240 немесе 270 нысаны бойынша табыс декларациясын тапсыруым керек пе?

Егер сіздің шетелде мүлкіңіз немесе қатысу үлестеріңіз болмаса, есепті жылы 20 000 АЕК-тен астам сомаға сатып алу жасамасаңыз, жеке практикамен айналыспасаңыз және қосымша табыс көздеріңіз болмаса, мүлікті иеліктен шығармасаңыз, онда сізге 270 және 250 нысандарын тапсырудың қажеті жоқ. Биылдан бастап ЖК бұл нысандарды тапсырудан босатылды, өйткені олар мамандандырылған салық нысандарын тапсырады, сіздің жағдайыңызда — бұл 220 нысаны.

Мен — Қазақстан азаматымын, Ресейде тұрып, жұмыс істеймін, кәсіпкер емеспін, Ресейде ешқандай активтерім жоқ, басқа шетелдік банк шоттарым жоқ, Ресейдегі шотымда 500 АЕК-тен аспайтын ақшам бар. Қазақстанда 270 нысаны бойынша декларация тапсыруым қажет пе?

Егер сізде Ресейдегі банк шотынан басқа ешқандай мүлік немесе басқа да активтер болмаса және сіз есепті жылы 20 000 АЕК-тен артық сатып алулар жасамасаңыз, банк шоттарыңызда жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен асатын сомалар болмаса, онда сізге декларация тапсырудың қажеті жоқ.

Мен Қазақстанның салық резидентімін, бірақ Ресей азаматы болып табыламын, маған 250 немесе 270 нысаны бойынша декларация тапсыру керек пе?

Егер сіз жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын Қазақстанда немесе шетелде пайда болған табысыңыз болмаса, тұрғын үй сатып алмаған немесе сатпаған болсаңыз, ҚР-да және шетелде тұрғын үй құрылысында үлесіңіз болмаса, ҚР-дан тыс жерлерде шетелдік банктерде барлығы 1 000 АЕК-тен астам мөлшерде ақшаңыз болмаса, ҚР-да немесе шетелде дебиторлық немесе кредиторлық берешегіңіз болмаса, онда сізге декларация тапсырудың қажеті жоқ.