Бизнес жаңалықтары: 18 мамыр–7 маусым

Қазақстан кәсіпкерлері үшін маңызды ақпарат

Бизнес жаңалықтары: 18 мамыр–7 маусым

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлер 5 млн теңгеге дейін грант ала алады

Алматы әкімдігі әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне кіруге өтінім қабылдай бастады. Өтінімді қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға немесе қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шағын және орта бизнес өкілдері (ЖК және заңды тұлғалар) бере алады.

Тізілімге тіркелген кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау түрлері:

  • 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар
  • кеңселерді жеңілдікпен жалға алу
  • жеңілдікпен несие алу бағдарламалары

Өтінім қабылдау мерзімі мен мекенжайы: 2026 жылдың 1–15 маусымы аралығында, Алматы қ., Байзақов көшесі, 303, 3-қабат, 302-кабинет

Қосымша сұрақтар бойынша +7 727 390 20 99 нөміріне хабарласыңыз

Толық шарттар мен қажет құжаттар тізімі сайтта көрсетілген

Астанада HoReCa саласына арналған көрме өтеді

16–18 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында HoReCA Expo Kazakhstan 2026 өтеді. Бұл Орта Азиядағы қонақжайлық саласының ең ауқымды халықаралық көрмесі болып табылады. Бір мезгілде үш көрме өтеді: International Restaurant & Bar Expo, Kazakhstan International Bakery Show және HoReCA Expo Kazakhstan.

Әлемнің 15-тен астам елінен келетін қатысушылар кәсіби ас үй мен бар жабдықтарын, азық-түлік өнімдері мен сусындарды, IT-шешімдерді, кофе және наубайхана технологияларын ұсынады. Ал іскерлік бағдарлама аясында халықаралық сарапшылардың қатысуымен конференциялар, шеберлер сабақтары мен пікірталастар өтеді.

Көрме мейрамхана, қонақүй және дәмхана иелері мен басқарушыларына, шеф-аспаздарға, дистрибьюторлар мен инвесторларға пайдалы әрі қызықты болмақ.

Сайтта өтінім қалдырыңыз — мамандар байланысып, қажетіңізге сәйкес шешім ұсынады.

Көрмеге қатысу туралы не басқа сұрақтар бойынша байланысу үшін:

Alatau City Bank сауда эквайрингіне арнайы тариф ұсынады

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Olja немесе Alatau тарифтеріне қосылған жаңа клиенттер үшін Alatau City Bank кез келген банк картасынан төлем қабылдауға бірыңғай комиссия енгізді. Енді кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдау шығынын азайтып, әртүрлі банктердің бірнеше POS-терминалын қатар ұстаудан бас тарта алады.

Жеке кәсіпкерлер үшін кез келген банк картасынан төлем қабылдау комиссия мөлшері — 1%. Арнайы ұсыныс 2026 жылғы 1 мамыр мен 31 қазан аралығында қосылған ЖК үшін қолжетімді.

ЖШС үшін:

  • Alatau тарифіне қосылғандар үшін комиссия мөлшері — 1,1%
  • Olja тарифіне қосылғандар үшін комиссия мөлшері  — 1,3% 

ЖШС үшін арнайы ұсыныстың мерзімі шектелмеген.

Нәтижесінде кәсіпкерлер клиент қай банк картасын қолданса да, төлемді төмен әрі тұрақты комиссиямен қабылдай алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.