Фудтрак ашу тәртібі

Фудтрак ашу тәртібі

Қандай құжаттар қажет, рұқсатты қалай алуға болады? Фудтрак орнын жиі ауыстыруға бола ма?

Бизнесті тіркеу

Алдымен ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеліңіз.

Лайық ЭҚЖЖ: 56.10 — «Мейрамханалар және тамақ жеткізу қызметтері»

Фудтрак пен сауда орнын таңдау

Адам жиі жүретін орынды таңдаңыз: университет маңайы, базар, саябақ немесе фестиваль өтетін алаң.

Фудтракты сатып алуға немесе жалға алуға болады. Бағасы шамамен 1,3–12 млн теңге болады, ол тұратын қалаңызға және фудтрактың күйіне — жаңа болғанына немесе қолданыста болғанына байланысты.

Гриль, тоңазытқыш, касса, желдектіш жүйесі және басқа да жұмысқа қажет жабдық 1–3 млн теңге тұрады.

Егер бизнес идеяңызды сынап көргіңіз келсе, фудтрак пен жабдықты жалға алғаныңыз жөн. Мұндай ұсыныстарды OLX сияқты онлайн платформалардан оңай табуға болады.

Қажет рұқсаттар

  • сауда жасауға рұқсат — жергілікті әкімдіктен алу
  • санитарлық-эпидемологиялық қорытынды алу — фудтрак та, сауда орны да санитарлық талаптарға сай болуы қажет
  • өрт қауіпсіздігі, қоқыс шығару, дератизация және дезинсекция қызметтерімен келісу
  • онлайн фискалдық дерек операторы жүйесіне қосылған касса аппаратын орнату
  • қызметкерлерге медициналық кітапша жасатып, еңбек шартын жасау

Фудтрак орнын өзгерту мүмкіндігі

Фудтрактың басты артықшылығы — оның орнын қала ішінде өзгертіп отыруға болады. Бірақ өзгерткен сайын орналасқан жерін әкімдікпен келісіп отыру қажет.

Мысалы:

  • саябақта қойсаңыз, аудандық әкімдік пен мәдениет немесе саябақ басқармасына жүгінесіз
  • көшеде немесе алаңда қойсаңыз, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен келісесіз
  • сауда ойын-сауық орталығы жанында немесе жеке аумақта қойсаңыз, жер иесімен тікелей жалға алу шартын жасайсыз

Егер орынды әкімдікпен келіспей өзгертсеңіз, айыппұл төлеп, сауда жасауға берілген рұқсатыңыздан айрылып қала аласыз.

Пайдалы мақала: