Glovo арқылы жұмыс істеу

Қолданбаны жүктеп, бәрін баптап, жұмысқа кірісіңіз

Glovo арқылы жұмыс істеу

Glovo дәмхана, дүкен немесе дәріхана иелеріне өнімдерін онлайн сатуға және жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тапсырыстарды басқаруға арналған арнайы қолданбаның арқасында жүйемен жұмыс істеу жеңіл әрі ыңғайлы. Сервиске қосылу тегін — комиссия тек орындалған тапсырыстардан ұсталады. Glovo жүйесімен жұмыс істеу жолдары мен оның пайдалы құралдарын осы мақалада қарастырамыз.

Өтінім беру тәртібі

Glovo-мен жұмыс істеуді бастау үшін алдымен сайттағы сауалнаманы толтыру қажет.

Пішінде келесі мәліметтерді көрсету керек:

  • аты-жөніңіз
  • бизнес түрі — дәмхана немесе дүкен
  • байланыс нөміріңіз
  • кәсіпорынның электрондық поштасы

Сондай-ақ, сервистегі жаңалықтар мен өзгерістерді жіберіп алмау үшін WhatsApр-тағы хабарламаларға жазылу ұсынылады. Құпиялылық саясатымен танысқан соң, «Бастау» батырмасын басыңыз.

Сауалнаманы жібергеннен кейін, поштаңызға қажетті нұсқаулықтар келеді. Кейде қосымша құжаттар сұралуы мүмкін. Барлық мәліметтер расталғаннан соң, мекемеңіз бен Glovo арасында келісімшарт жасалады.

Өтінімді қарау және аккаунтты іске қосу біраз уақыт алуы мүмкін — бұл қосылатын өңір мен сервистің бос болуына байланысты.

Есептік жазбаны баптау

Келесі қадам — Manager Portal жүйесіне тіркелу. Бұл — бизнес иелері өз мекемесін басқаратын арнайы платформа. Мұнда мәзірді, жұмыс уақытын, жеткізу ережелерін және басқа да маңызды параметрлерді реттеуге болады. Болашақта барлық өзгерістер дәл осы жүйе арқылы енгізіледі.

Мәзірді жаңарту, жаңа ұсыныстарды қосу немесе барларын жасыру, фотосуреттер мен тауар сипаттамаларымен жұмыс істеу тәртібі арнайы нұсқаулықта толық көрсетілген.

Тапсырыстарды басқару

Тапсырыстарды қабылдау арнайы мобильді қолданбалар арқылы жүргізіледі. Олар тек интернетке қосылған Android құрылғыларында жұмыс істейді. Мейрамханаларға — GoDroid, ал дүкендерге — Pelican қолданбасы арналған.

Екі қолданбада да жұмыс кестесін баптауға, келіп түскен тапсырыстарды қабылдауға және олардың күйін бақылауға болады.

GoDroid

Android құрылғыңызға қолданбаны мына сілтеме арқылы жүктеп алыңыз. Жүйеге кіру үшін поштаңызға келген нұсқаулықтарды орындаңыз. Бағдарламаға фондық режимде жұмыс істеуге және тапсырыстар туралы хабарламалар алуға рұқсат беріңіз.

GoDroid арқылы тапсырыстардың мәртебесін бақылап, мекеменің жүмыс кестесін реттеуге болады. Қадамдарды нақтырақ түсіну үшін бейненұсқаулық көмектеседі.

Pelican

Android құрылғыңызға қолданбаны мына сілтеме арқылы жүктеп алыңыз. Жүйеге кіру үшін электрондық поштаңызға келетін логин мен уақытша құпиясөзді пайдаланыңыз. Кіргеннен кейін жаңа құпиясөз орнатыңыз. Бағдарламаға фондық режимде жұмыс істеуге және тапсырыстар туралы хабарламалар алуға рұқсат беріңіз.

Pelican арқылы тапсырыстардың күйін бақылап, мекеменің жұмыс кестесін реттеуге болады. Қолданбаны тезірек түсіну үшін бейненұсқаулықты көріп шыққан жөн. Онда барлық қадамдар нақты көрсетілген.

Жеткізуді ұйымдастыру

Мекеме кез келген уақытта тапсырыстарды қабылдауды уақытша тоқтата немесе қайта қоса алады. Тапсырыс түскен кезде, мекеме оны дайындап, кейін Glovo курьеріне береді. Қажет болған жағдайда компания өз курьерлерін пайдалана алады немесе клиенттің өзі алып кетуі үшін арнайы режимді іске қосады.

Жеткізу маршруты мен уақыты туралы барлық ақпарат жүйе арқылы бақыланып, курьер қолданбасына автоматты түрде жіберіледі.

Қаржы мен төлемдер

Платформаға қосылу — тегін. Комиссия тек орындалған тапсырыстардан ұсталады. Оның нақты мөлшері келісімшартқа байланысты жеке түрде анықталады. Бұл көрсеткішке жеткізу радиусы, орналасқан қала мен бизнес бағыты әсер етеді. Мысалы, егер жеткізуді Glovo курьерлері жасаса, комиссия мөлшері шамамен 30% болуы мүмкін, ал клиент өзі алып кететін кезде — 15% төңірегінде.

Төлем кестесі мен қаржылық операциялар бойынша есептер жеке кабинетте қолжетімді.

Жұмысты басқару мен жарнамалау құралдары

Manager Portal платформасында сатылымды талдауға арналған құралдар бар. Мұнда тапсырыстар саны, түсім, орташа чек және клиенттердің мінез-құлқы сияқты көрсеткіштерді бақылауға болады. Мысалы, сұранысы жоғары тағамдар, тапсырыстың көп түсетін уақыты мен жақсы нәтиже беретін науқандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Glovo қолданбасында мекеме клиенттерге жиі көрінуі үшін ішкі жарнама құралдарын пайдалануға болады:

  • Glovo жарнамасы — мекемені іздеу нәтижелерінің жоғарғы бөлігіне әрі басты бетке шығаруға мүмкіндік береді. Орналастыру параметрлері, бюджет пен жарнама мерзімі Manager Portal арқылы реттеледі. Бұл — ақылы қызмет.
  • науқандар мен жеңілдіктер — жекелеген тауарларға жеңілдік немесе белгілі бір сомаға тапсырыс жасалғанда тегін жеткізу секілді арнайы ұсыныстарды баптауға болады.

Мұндай мүмкіндіктердің барлығы бір жүйеде шоғырланған. Олар тіркеліп, аккаунт бапталғаннан кейін қолжетімді болады.

Қолдау және көмек

Glovo сервиспен жұмыс істеуге арналған нұсқаулықтар ұсынады. Егер жұмыс барысында қандай да бір қиындықтар туындаса, көмек алу үшін Manager Portal-ының қолдау чатына жаза аласыз. Серіктестерге арналған қолдау қызметінің байланыс нөмірі: +7 707 700 1140.

 

Glovo платформасы тапсырыстарды қабылдау, жеткізуді ұйымдастыру және жұмыс нәтижелерін бақылау үшін қажетті құралдарды ұсынады. Бастапқы баптаудан кейін көптеген үдерістер автоматты түрде жүзеге асырылады, ал қажет болған жағдайда барлық өзгерістерді Manager Portal арқылы оңай енгізуге болады. Платформа шағын кофеханалардан бастап, ірі дүкендер желісіне дейінгі кез келген мекемеге ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.