Мекемені 2GIS жүйесіне қосу нұсқаулығы

Компанияңыз жайлы мәліметті онлайн әрі қолжетімді етіңіз

Мекемені 2GIS жүйесіне қосу нұсқаулығы

2GIS — қала картасы, ұйымдар анықтамалығы мен навигаторды біріктіретін тегін қолданба. Оның көмегімен адамдар дүкендер, дәмханалар, сұлулық салондары және басқа да мекемелердің орналасқан жерін оңай тауып, оларға дейін баратын ыңғайлы маршрут сыза алады. Бүгінде компанияңыздың қайда орналасқаны, оған қалай жетуге болатыны, байланыс нөмірлері мен басқа да маңызды ақпараттың ашық әрі нақты болуы маңызды. 2GIS жүйесіне ұйымды енгізу және деректерді жаңартып отыру тәртібін осы мақалада баяндаймыз.

Егер сіз 2GIS-те тіркелмеген болсаңыз

Ұйымыңызды 2GIS-ке тіркелмей-ақ қосуға болады. Ол үшін компанияның ресми өкілі болуыңыз қажет.

Жүйеге мекемені тіркеу тәртібі:

  1. 2GIS сайтына өтіңіз.
  2. Сайттағы арнайы нысанды толтырыңыз. Онда компанияның атауы, мекенжайы, байланыс деректері мен жұмыс кестесі көрсетілуі тиіс. Әр өрістің жанында нұсқаулықтар бар.
  3. Өтінім жолданған соң, 2GIS мамандары үш жұмыс күні ішінде сізбен хабарласып, ақпаратты нақтылайды.
  4. Ақпарат расталғаннан кейін, компанияңыз дерекқорға енгізіледі.

Компания деректері 2GIS-тің онлайн нұсқасында бірнеше күн ішінде қолжетімді болады. Мобильді және десктоптық қолданбаларда ақпарат келесі айдың жаңартуымен бірге жарияланады. Мысалы, егер компания мамырда тіркелсе, маусым айында қолданбаларда көрсетіледі.

Егер сіз 2GIS пайдаланушысы болсаңыз

Мекемені жүйеге тек иесі немесе қызметкері ғана емес, кез келген тіркелген пайдаланушы да қоса алады.

Қолданбаның онлайн нұсқасында

  1. 2GIS веб-сайтына кіріңіз.
  2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы басып, мәзірді ашыңыз.
  3. «Ұйым қосу» бөлімін таңдаңыз.
  4. Ашылған терезеде нысанды толтырыңыз: мекеменің атауы, мекенжайы, байланыс деректері және басқа да ақпаратты енгізіңіз.
  5. «Жіберу» батырмасын басыңыз. Ақпарат тексеріліп, қажет болған жағдайда толықтырылып, 2GIS жүйесінің анықтамалығына енгізіледі.

Мобильді қолданбада (IOS және Android)

  1. Телефоныңыздағы 2GIS қолданбасын ашыңыз.
  2. Іздеу жолағының оң жағындағы мәзірді ашыңыз.
  3. Төмен қарай сырғытып, «Ұйым қосу» пәрменін таңдаңыз.
  4. Сауалнаманы толтырыңыз. Кемінде бір байланыс тәсілін (телефон, e-mail немесе әлеуметтік желі сілтемесі) көрсету қажет.
  5. Қаласаңыз, мекеменің маңдайшасының, визиткасының немесе ғимараттың суретін тіркеңіз.
  6. «Жіберу» батырмасын басыңыз — өтінім тексеруге жіберіледі.

Компьютердегі бағдарлама арқылы

  1. 2GIS қолданбасының негізгі мәзіріне кіріңіз.
  2. «Ұйым қосу» батырмасын басыңыз.
  3. Барлық өрістерді ұйымыңызға қатысты ақпаратпен толтырыңыз.
  4. Өтінімді жіберіңіз — ол тікелей 2GIS анықтамалық қызметіне жолданады.

2GIS-пен тиімді жұмыс істеуге арналған кеңестер

Барлық өрістерді мүмкіндігінше толық толтырыңыз. Ақпарат неғұрлым көп болса, қолданушылардың сенімі соғұрлым арта түседі.

Сапалы фотосуреттерді тіркеңіз — жақсы визуал компанияңызды тартымды етіп көрсетеді.

Тек өзекті ақпаратты көрсетіңіз. Егер жұмыс уақыты, байланыс нөмірі немесе мекенжай өзгерсе — түзету нысаны арқылы мәліметті жаңартыңыз.

Пікірлер мен рейтингтерді бақылап отырыңыз — бұл компанияныңыздың беделін көтеріп, тұтынушылардың ескертулеріне уақтылы жауап беруге көмектеседі.

 

Компанияңызды 2GIS жүйесіне қосу — клиенттердің сізді оңай тауып, бизнесіңіз туралы білуіне мүмкіндік береді. Бұл — өзіңіз туралы ақпаратты онлайнда қарапайым әрі сенімді түрде ұсынудың тиімді тәсілі. Қажет болған жағдайда 2GIS қолдау қызметіне жүгіне аласыз — мамандар деректерді нақтылап, жаңартуға көмектеседі.