2026 жылы оңайлатылған режимде кім қалады
Жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа ЭҚЖЖ

2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация жаңа ережелер бойынша жұмыс істейді. Үкімет бұл режимді қолдана алмайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Тізімге 44 санат және 185 нақты экономикалық қызмет түрі кіреді. Осы тізімге кірмеген барлық қызмет түрі оңайлатылған режимді қолдана бере алады.
Оңайлатылған режимде қалатын қызмет түрлері
Тыйым салынған қызмет тізіміне кірмеген барлық қызмет түрі оңайлатылған режимде қала береді.
Оңайлатылған режимді қолдана алатын қызметтер:
- үй маңындағы дүкендер мен минимаркеттер
- кофеханалар, кафелер, сұлулық салондары
- тұрмыстық қызметтер: жөндеу, клининг, шеберханалар, сервис орталықтары
- шағын B2C қызметтер: репетиторлар, фотографтар, студиялар, фитнес-нұсқаушылар
- онлайн қызметтер және фриланс
- акцизделетін өнімдерге, мұнай өнімдеріне, металдарға және пайдалы қазбаларға қатысы жоқ барлық өндіріс
- тұрғын үй жалға беру, кеңсе және техника жалға беру (1–2 санаттағы базарлар мен ірі сауда объектілері жатпайды)
Тыйым салынған қызмет тізімі
Оңайлатылған режимді қызмет түрлерінің 44 негізгі санаты мен 185 ЭҚЖЖ қолдана алмайды:
- қаржы және сақтандыру қызметі
- акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдері
- кәсіби қызмет, оның ішінде консультация беру және маркетинг қызметтері, бухгалтер есебі, аудит, салық және заң саласындағы қызметтер
- тұрғын және тұрғын емес ғимарат құрылысы және мүлікке қатысты әрекеттер: көппәтерлі, меншікті және өзге түрлі үйлерді сатып алу және сату
- пайдалы қазбалар мен металдар
- сауда базарларын, жылжымайтын ірі сауда объектілерін және олардың аумағындағы алаңдарды жалға беру немесе қосалқы жалға беру
Осы тізімге кірмеген барлық қызмет түрі оңайлатылған режимді қолдана бере алады.