2026 жылы бейрезидент көрсететін қызмет бойынша ЭШФ жасау тәртібі

2026 жылы бейрезидент көрсететін қызмет бойынша ЭШФ жасау тәртібі

Жаңа Салық кодексі бойынша ҚҚС төлеушілер Қазақстан аумағында бейрезиденттердің қызметін пайдаланғанда, электрондық шот-фактура (ЭШФ) жазып беруге міндетті. Егер жеткізуші — Ресейден, яғни бейрезидент болса, ЭШФ-да қызмет көрсетуші мен қызмет алушы ретінде кімді көрсету керек? Іс жүзінде бұл қалай жасалады?

«Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағанына алғыс білдіреміз.

Қазақстан аумағында бейрезиденттің қызметіне жүгінген жағдайда ҚҚС төлеуші ЭШФ-ны өз атына жазып береді. Осылайша қазақстандық ЖШС бір уақытта екі жақтың — қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің — рөлін атқарады. ЭШФ ақпараттық жүйесінде құжат рәсімдеу кезінде арнайы белгілерді қойып, төмендегі негізгі бөлімдерді толтыру қажет:

  1. A-бөлімі — «Жалпы ақпарат»
  • шот жасалған күні — бейрезидент қызметі үшін ҚҚС төленген сәттен кейін 5 күн ішінде
  • бейрезидент туралы белгі — ЭШФ ақпараттық жүйесінде шот-фактура бейрезидент қызметін пайдаланғандықтан рәсімделіп жатқанын көрсету қажет
  1. B-бөлімі — «Жеткізу деректемелері» (Ресейдегі компания)
  • бейрезиденттің елін таңдаңыз — бұл жағдайда «Ресей»
  • ЖСН/БСН жолына — компанияның салық нөмірі; Ресейде оны ИНН деп атайды
  • компания атауы — бейрезидент компаниясының толық атауы
  1. C-бөлімі — «Қызмет алушы» (Қазақстандағы ЖШС-ңыз)
  • ел — Қазақстан
  • компанияңыздың БСН-ы
  • ЖШС-ның атауы
  1. G-бөлімі — «Тауар/қызмет туралы мәліметтер» — қызметке қатысты ақпаратты енгізіңіз.

Шот-фактура дайын!