Бес терминалдың орнына біреу: Alatau City Bank-тегі бірыңғай QR
Клиентке ыңғайлы, кәсіпкерге тиімді

Қазақстанда төлем жасауды одан әрі жеңілдету үшін бірыңғай QR коды іске қосылды.
Бұған дейін біз бірыңғай QR кодының қалай жұмыс істейтіні және оның не үшін қажет екені туралы толығырақ жазған едік. Қысқаша айтқанда, енді клиенттер кез келген банктің мобильді қолданбасы арқылы QR кодымен төлем жасай алады, ал кәсіпкерлер төлемді бір-ақ терминал арқылы қабылдайды. Бұл жолы Alatau City Bank клиенттері үшін бірыңғай QR кодының артықшылықтарына тоқталамыз.
Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған артықшылықтар
Бас артықшылығы — төмен комиссия. Бірыңғай QR бойынша тариф небәрі 1%-ды құрайды. Alatau City Bank сауда эквайрингін осында қосуға болады.
Артықшылықтары мұнымен ғана шектелмейді:
- Барлық төлемді қабылдауға арналған бір POS-терминал — енді сатушыға әртүрлі банктің бірнеше терминалын ұстап, әрқайсысына комиссия төлеудің қажеті жоқ.
- Кассирлердің жұмысы жеңілдейді — қай терминалды карта үшін, ал қайсысын QR коды үшін пайдалану керегін түсіндірудің қажеті жоқ.
Жеке тұлғаларға арналған артықшылықтар
- Оңай төлем. Барлық банкте ортақ QR коды болады — енді қай терминал қай банктікі екенін тексерудің қажеті жоқ. Төлем жасаудың бірыңғай әрі ыңғайлы тәсілі қолжетімді.
- Үйреншікті төлем тәсілі. Енді сатушының терминалы белгілі бір банкке тиесілі болғандықтан, бір банктен екінші банкке ақша аударып әуре болудың қажеті жоқ. Alatau City Bank қолданбасы арқылы QR кодымен төлем жасап, бонус жинаңыз.
Арнайы шарттар
Бұған дейін кәсіпкерлер әртүрлі банктің бірнеше POS-терминалын қолдануға және әрқайсысына комиссия төлеуге мәжбүр болды. Мысалы, клиент А банкінің картасымен Б банкінің POS-терминалы арқылы төлеген жағдайда комиссия 2% болуы мүмкін. Ал төлем А банкінің терминалы арқылы қабылданса, комиссия 1,2%-ға дейін төмендейді. Осы себепті көптеген кәсіпкерлер эквайринг шығындарын қысқарту үшін бірнеше терминалды қатар пайдалануға мәжбүр болды.
Бірыңғай QR бизнес жүргізуді жеңілдетіп, шығынды азайтуға мүмкіндік береді — Alatau City Bank клиенттері үшін бірыңғай QR арқылы төлем алу комиссиясы небәрі 1%. Қазір өтінім берсеңіз, біз келесі күні POS-терминалды орнатып, баптап береміз.