Брендті көшірме тауарлардан қорғау жолдары

Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімде тіркеу

Брендті көшірме тауарлардан қорғау жолдары
Дарина Идрисова

Дарина Идрисова

«Защита идей» ЖШС заңгері

Кәсіпкер брендке өз уақытын, ақшасын салып, беделін жинады. Атауын, логотипті, қаптаманы ойлап тауып, бәсекелестерден ерекшеленді, бірақ кенеттен біреу оның атынан жалған тауар шығарып, сауда жасай бастайды — стилін көшіріп, сатып алушыларды шатастыра бастайды. Нәтижесінде — компания шығындарға батып, ал бизнеске деген сенім бұзылады. Кедендік тізілім арқылы брендті қалай қорғауға болатынын осы мақалада анықтайық.

Брендті көшірме тауарлардан қорғау маңыздылығы

Контрафакт — бұл тек ірі компаниялардың мәселесі емес, шағын бизнеске де әсер етуі мүмкін. Егер басқа біреу компанияның брендімен жалған тауар сата бастаса, онда нағыз бизнес иесі клиенттердің сенімін, сатудан түскен табысын және жылдар бойы қалыптасқан беделін жоғалтады.

Бренд ресми түрде тіркелмеген кезде оны кез келген адам, соның ішінде жосықсыз бәсекелестер пайдалана алады. Мұндай кезде орын алатын мәселелер:

  • бренд атынан арзан контрафакт тауарларды шетелден әкелу
  • клиенттердің шағымдары көбейіп, сатылымның төмендеуі
  • басқа компания брендті тіркеп, негізгі компанияның өзін сотқа беру

Қазақстандық сот тәжірибесінде кәсіпкер тауарды жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар бөтен брендтің құқықтарын бұзғаны үшін өтемақы төлеуге мәжбүр болған жағдайлар да кездескен — тіпті тауардың жалған екенін білмеген күннің өзінде.

Біздің тәжірибемізде белгілі брендтердің құқық иелері сот арқылы тауарларды тәркілеуге және контрафактімен сауда жасаған кәсіпкерлерді өтемақы төлеткізген жағдайлар жиі кездеседі. Жалған тауарларды сату сот шығындарға, айыппұлдарға және беделін төгуіне әкеледі. Жалған тауарлар жиі түпнұсқа тауарлардың бағасымен немесе одан да қымбат бағаға сатылуы мүмкін, тауардың тек қаптамасына қарап, бұл тауар түпнұсқа немесе жалған екенін кейде анықтау қиын, бұл тек сапа бойынша талдаулар жасалып, зертханалық зерттеулердің нәтижелері майдың немесе кремнің құрамы арзан және зиянды заттардан жасалғанын көрсеткен кезде ғана анықталады.

Дарина Идрисова, «Защита идей» ЖШС заңгері

Брендті қорғауды неден бастау керек

Брендті заңды түрде қорғау үшін тауар белгісін тіркеуден бастау керек. Бұл рәсім брендті пайдалануға және құқық бұзушыларға қарсы тұруға айрықша құқық береді. Тауар белгісін қалай тіркеу керектігін осы мақалада жаздық:

Тіркелгеннен кейінгі келесі қадам — тауар белгісін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу — бұл қадам тауарларды бренд атынан елге заңсыз түрде әкелу әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді.

Кедендік тізілімнің жұмыс істеу тәртібі

Қазақстанға тауарлардың басым көпшілігі шетелден келеді, сондықтан мұнда кеден органдарының жұмысы маңызды — оның қызметкерлері елге кіреберісте жалған тауарлардың келуін тоқтата алады. Бренд кедендік тізілімге енгізілгеннен кейін:

  • бренд атынан елге тек сіздің ғана тауар әкелуге құқығыңыз болады
  • кеден органдары сізді заңсыз әкелу әрекеттері туралы хабардар етуге міндетті
  • шағымды тез арада беріп, жалған тауарлардың таралуын тоқтата аласыз

Тауар белгісін кедендік тізілімге енгізу тәртібі

ЕАЭО елдерінде тұратын кәсіпкер авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін қорғай алады. Бұл дегеніміз қорғау тек Қазақстанда ғана емес, ЕАЭО-ға қатысушы елдер арасында тауарларды өткізу кезінде де жұмыс істейтінін білдіреді. Кеден органдары шекараны кесіп өту кезіндегі кез келген кезеңде жалған өнімдерді тоқтата алады.

Брендті ұлттық кедендік тізіліміне енгізу үшін объект туралы ақпаратты ресми түрде электрондық ресурстарда жариялау қажет. Бұл тегін жасалады.

EGov арқылы онлайн өтінім беру және Keden жүйесінде тіркелу

Тіркеу рәсімі egov.kz арқылы өтеді. Қызметпен пайдалану үшін Keden ақпараттық жүйесінде тіркелу қажет — 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап өтінімдерді беру және өңдеу тек осы сайтта өтеді, «Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының Бірыңғай терезесі» жүйесі өз жұмысын тоқтатты.

Ұсынылған нысанды дұрыс толтырып, өтінішті ЭЦҚ көмегімен растау қажет. Өтінішті толтыру жөніндегі нұсқаулықты олардың Telegram арнасынан оқуға болады. Өтінімнің күйін жеке кабинетте бақылауға болады.

Қажетті құжаттар

Өтінімді қарастыру үшін келесі құжаттар қажет:

  • өтініш
  • объектіге меншік құқығын растайтын құжат: тіркеу туралы куәлік, құқықтарды табыстау туралы шарт және лицензиялық келісімшарт, ҚР зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, құқықтық мәртебе туралы халықаралық анықтама не құқық иесінің немесе оның өкілінің құқықтарын растайтын өзге құжат
  • зияткерлік меншік объектілері көрсетілген түпнұсқа тауардың суреттері, сондай-ақ құқықтарды бұзуы мүмкін белгілері бар тауарлардың мысалдары
  • өтініш берушінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру шарты — сақтандыру компаниясының сайтында немесе серіктестердің қызмет көрсету сайттары арқылы онлайн рәсімделеді

Қарастыру және қолданылу мерзімдері

Өтінім 20 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Кедендік тізілімдегі тіркеу екі жылға дейін жарамды. Бірақ бұл мерзім тауар белгісіне айрықша құқықтардың қолдану мерзімінен аспауға тиіс. Екі жылдан кейін, яғни қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, тіркеуді ұзартуға болады.

 

Брендті жалған тауарлардан қорғау үшін тауар белгісін тіркеп, оны кедендік тізілімге енгізу маңызды. Бұл рәсім контрафактілік тауарды шекарада заңсыз әкелуді тоқтатуға мүмкіндік береді, кәсіпкердің ақшасын, уақытын үнемдейді және оның компаниясының беделін қорғайды. Мұндай жағдайда алдын ала әрекет жасаған дұрыс — зияткерлік меншікті қорғау кез келген жауапты бизнестің стратегиясының бөлігі болуы керек.