2026 жылғы оңайлатылған режимдегі ЖК-ның салық міндеттемелері

Негізгі төлем мен есеп тапсыруға қойылатын талаптар

2026 жылғы оңайлатылған режимдегі ЖК-ның салық міндеттемелері

2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (АСР) бұрынғы оңайлатылған режим мен бөлшек салық режимін біріктіреді. Сол себепті салық төлеу тәртібі мен есеп жүргізу талаптары өзгереді. Осы мақалада 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған режимдегі жеке кәсіпкердің салық міндеттемелерін қарастырамыз.

Негізгі салықтар

Оңайлатылған режимдегі ЖК табысының 4%-ын жеке табыс салығы (ЖТС) ретінде төлейді. Алайда салық мөлшерлемесі өңірге қарай 2%-дан 6%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Сондықтан жергілікті әкімдіктен нақтылап алған жөн. Оңалайтылған режимдегі ЖК әлеуметтік салық төлемейді.

ЖТС тек табыстан есептеледі, шығын есепке алынбайды. Салық жүктемесін азайту үшін еңбекақы қорына байланысты жеңілдіктерді қолдануға болады, олар туралы төменде толығырақ айтып береміз.

Оңайлатылған режимдегі ЖК үшін жылдық табыс шегі — 600 000 АЕК (2026 жылы 2 595 000 000 теңге).

Міндетті төлем түрлері

Кәсіпкер өзі үшін жасайтын ай сайынғы төлемдер

ЖК өзі үшін барлық салықтар мен міндетті әлеуметтік төлемдерді төлейді. Кәсіпкер еңбеқақы мөлшерін өзі белгілейді, бірақ мынадай талаптарды ескеруі керек:

  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша айлық табыс 1–50 ЕТЖ (2026 жылы 85 0004 250 000 теңге) аралығында болуға тиіс
  • әлеуметтік аударымдар (ӘА) бойынша айлық табыс 1–7 ЕТЖ (2026 жылы 85 000595 000 теңге) аралығында болуға тиіс

Кәсіпкердің еңбекақысы осы талаптарға сай белгіленуі керек. 

ЖК-ның 85 000 теңге табысынан төлемдерді есептеу үлгісі:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
    85 000 × 10% = 8 500 теңге
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 3,5%
    85 000 × 3,5% = 2 975 теңге
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 5%
    85 000 × 5% = 4 250 теңге
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЕТЖ × 5%
    1,4 × 85 000 × 5% = 5 950 теңге

Өзі үшін ЖК 21 675 теңге төлейді.

Қызметкер үшін ай сайынғы төлемдер

Міндетті жарналардың бір бөлігі қызметкердің еңбекақысынан ұсталады, ал қалғанын ЖК жұмыс беруші ретінде қосымша төлейді. Қызметкерлер үшін ай сайынғы төлемдерге мыналар жатады:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 3,5%
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: (еңбекақы – МЗЖ) × 5%
  • МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: еңбекақы × 3%
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: еңбекақы × 2%
  • Қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы – МЗЖ – салық шегерімі – МӘМСЖ) × 10%

Қызметкер еңбекақысынан есептелетін ЖТС-ны ай сайын 30 АЕК (2026 жылы 129 750 теңге) мөлшеріндегі салық шегерімі арқылы азайтуға болады. Ол үшін қызметкер өтініш беруі қажет. Егер қызметкер бірнеше жерде жұмыс істесе, бұл шегерім тек бір жұмыс орнында қолданылады. 

Егер қызметкер төмендегі санаттардың біріне жатса, оған жылдық әлеуметтік салық шегерімін қолдануға болады:

  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін — 5 000 АЕК (2026 жылы 21 625 000 теңге)
  • III топтағы мүгедектігіі бар тұлғалар үшін — 882 АЕК (2026 жылы 3 814 650 теңге)
  • мүгедектігі бар баланың ата-анасы, қамқоршысы немесе заңды өкілі үшін — 882 АЕК (2026 жылы 3 814 650 теңге)

Егер қызметкер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істесе, оның еңбекақысынан есептелетін ЖТС-ны әлеуметтік аударымдар сомасына азайтуға болады: (еңбекақы – МЗЖ – салық шегерімі – МӘМСЖ – ӘА) × 10%

Қызметкердің жылдық табысы 8 500 АЕК-тен (2026 жылы 36 762 500 теңгеден) асса, артық сомаға ЖТС 15% мөлшерлемемен есептеледі.

Қызметкердің еңбекақысынан төленетін ЖТС ЖК төлейтін ЖТС-нан бөлек есептеледі.

Қызметкер үшін ай сайынғы төлем есебінің үлгісі

Қызметкердің еңбекақысын 200 000 теңге құрайды делік.

Қызметкер есебінен

МЗЖ: еңбекақы × 10%
200 000 × 10% = 20 000 теңге

қызметкер үшін төленетін МӘМСЖ: еңбекақы × 2%
200 000 × 2% = 4 000 теңге

қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы − МЗЖ − 30 АЕК (шегерім) – МӘМСЖ) × 10%
(200 000 – 20 000 – 30 × 4 325 – 4 000) × 10% = 4 625 теңге

Жұмыс беруші есебінен

ЖМЗЖ: еңбекақы × 3,5%
200 000 × 3,5% = 7 000 теңге

МӘМС: еңбекақы × 3%
200 000 × 3% = 6 000 теңге

ӘА: (еңбекақы – МЗЖ) × 5%
(200 000 – 20 000) × 5% = 9 000 теңге

Қызметкердің еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 171 375 теңге алады. Ал жұмыс беруші қосымша 22 000 теңге міндетті аударым төлейді.

Салық төлеу мерзімі: ай сайын, келесі айдың 25-іне дейін.

Бірыңғай төлемді қолдану тәртібі

Оңайлатылған режимдегі микро және шағын бизнес кәсіпкерлері қызметкерінің еңбекақысынан бірыңғай төлем (БТ) төлеу мүмкіндігіне ие. Бұл төлемнің құрамына барлық міндетті салықтар мен аударымдар кіреді.

Бірыңғай төлемді бейрезидент қызметкерлерге қолдануға болмайды.

Қызметкердің еңбекақысынан аударымдарды төлеу тәсілін салық кезеңі (жарты жыл) ішінде өзгертуге болмайды.

Қызметкер үшін ай сайынғы төлем есебінің үлгісі

Қызметкердің еңбекақысын 200 000 теңге құрайды делік.

БТ-ның жалпы мөлшері: еңбекақы × БТ мөлшерлемесі
200 000 × 24,8% = 49 600 теңге

Бұл сомаға барлық міндетті төлемдер кіреді.

Салық төлеу мерзімі: ай сайын, келесі айдың 25-іне дейін.

Қызметкер есебінен

МЗЖ: БТ-ның жалпы мөлшері × БТ құрамындағы МЗЖ мөлшерлемесі
49 600 × 40,3% = 19 988,8 тенге

МӘМСЖ: БТ-ның жалпы мөлшері × БТ құрамындағы МӘМСЖ мөлшерлемесі
49 600 × 8,1% = 4 017,6 тенге

ЖТС: БТ-ның жалпы мөлшері × БТ құрамындағы ЖТС мөлшерлемесі
49 600 × 7,3% = 3 620,8 тенге

Жұмыс беруші есебінен

ЖМЗЖ: БТ-ның жалпы мөлшері  × БТ құрамындағы ЖМЗЖ мөлшерлемесі
49 600 × 14,1% = 6 993,6 тенге

МӘМС: БТ-ның жалпы мөлшері × БТ құрамындағы МӘМС мөлшерлемесі
49 600 × 12,1% = 6 001,6 тенге

ӘА: БТ-ның жалпы мөлшері × БТ құрамындағы ӘА мөлшерлемесі
49 600 × 18,1% = 8 977,6 тенге

Қызметкердің еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 172 372,8 теңге алатын болады. Ал жұмыс беруші қосымша 21 972,8 теңге міндетті аударым төлейтін болады.

Қызметкер әлеуметтік төлемдер бойынша жеңілдіктерге ие болса, жұмыс беруші үшін бірыңғай төлем мөлшері азаяды. Қызметкер үшін МӘМС жарнасы мемлекет есебінен төленсе, БТ-ның сомасы соған сәйкес төмендетіледі.

Мұндай жағдайда бірыңғай төлемнің жалпы мөлшерінен қызметкерге қатысты босатылған әлеуметтік төлем үлесі шегеріледі.

Есеп тапсыру тәртібі

910.00 нысан бойынша оңайлатылған декларацияда ЖК-ның айналымы, өзі және қызметкері үшін төленетін салықтар мен міндетті төлемдер көрсетіледі. ЖТС жарты жылдың ішіндегі барлық айналымнан есептеледі. Бұл есеп әр жарты жыл сайын берілуге тиіс, бірақ ол ЖК-ны тіркеген уақыттан жарты жыл өткенде емес, арнайы белгіленген мезгілдерде тапсырылады:

  • I жарты жыл үшін — 1 шілдеден 15 тамызға дейін
  • II жарты жыл үшін — 1 қаңтардан 15 ақпанға дейін

Егер ЖК-ны желтоқсанда тіркесеңіз, келер қаңтар айында екінші жарты жыл үшін есеп беруге міндетті боласыз.

Салық төлеу мерзімі: жарты жыл сайын — I жарты жыл үшін 25 тамызға дейін, II жарты жыл үшін — келесі жылғы 25 ақпанға дейін.

Есеп салық төлеушінің кабинеті арқылы онлайн тапсырылады.

Қосылған құн салығы

Кәсіпкер импорттан немесе бейрезиденттермен жұмыс істегеннен түскен табысқа 16% мөлшерінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті. Басқа жағдайларда, тіпті табыс 10 000 АЕК-тен (2026 жылы 43 250 000 теңгеден) асса да, оңайлатылған режимдегі ЖК ҚҚС-ны төлемейді.

ҚҚС бойынша кәсіпкер 300.00 нысанындағы декларацияны тоқсан сайын толтырып, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейін тапсырады. Мысалы, 2026 жылғы III тоқсан (шілде – қыркүйек) бойынша декларация 2026 жылғы 15 қарашаға дейін тапсырылады.

Салық әр тоқсан сайын төленеді, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-іне дейін. Мысалы, III тоқсан 2026 жылғы (шілде – қыркүйек) үшін — 2026 жылғы 25 қарашаға дейін.

Импорт кезінде қосымша 328.00 нысан бойынша өтініш әр айда, тауар енгізілген айдан кейінгі айдың соңына дейін тапсырылады. Мысалы, тауар 2026 жылғы қарашада әкелінсе, өтініш беру және ҚҚС төлеу мерзімі — 2026 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

Басқа салықтар

Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік, жер немесе көлік болса, олар үшін тиісті салық төлеу қажет.

Салықтан бөлек өзгерістер

Шегерім қолдану тәртібі

Кәсіпкердің жылдық табысы 24 000 АЕК-тен (2026 жылы 103 800 000 теңгеден) асса, қызметкерлеріне төленген еңбекақы мен аударымдарды шығын ретінде шегеріп, салық салынатын табысты азайта алады. Бұл шегерім тек 24 000 АЕК шегінен асқаннан кейін пайда болған шығынға қолданылады.

Мысалы, ЖК-ның жылдық табысы 30 000 АЕК болса, салық былай есептеледі:

4% ЖТС = 1 200 АЕК

Бірақ 24 000 АЕК шегіне жеткенге дейін салық барлық табысқа есептеледі. Шектен асқаннан кейін ЖК қызметкерлеріне төленген еңбекақы мен аударымдарды есепке ала алады.

Кәсіпкердің табысы қазанда шектен асып кетіп, қарашада ол қызметкерлер үшін 900 АЕК еңбекақы мен аударымдар төледі. Мұндай жағдайда шегерім тек асып кеткен табыс сомасына қолданылады:

30 000 АЕК – 24 000 АЕК = 6 000 АЕК

6 000 АЕК – 900 АЕК = 5 100 АЕК

Осылайша салық мөлшері де азаяды.

Шектен аспаған табыс үшін: 24 000 × 4% = 960 АЕК

Шектен асқан табыс үшін (шегерім қолданылғаннан кейін): 5 100 × 4% = 204 АЕК

Нәтижесінде кәсіпкер 1 200 АЕК-тің орнына 1 164 АЕК салық төлейді.

Бухгалтерлік есеп жүргізу

Оңайлатылған режимдегі ЖК-ның жылдық табысы 135 000 АЕК-тен (2026 жылы 583 875 000 теңгеден) асқан жағдайда толық бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті. Есепті белгіленген шектен асқан айдың келесісінен бастап жүргізу керек. Мысалы, табыс қарашада асса, бухгалтерлік есеп желтоқсаннан бастап жүргізіледі.

 

2026 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК негізгі салық ретінде жеке табыс салығын 4% мөлшерлемемен төлейді. Бұл мөлшерлеме өңірге қарай  2–6% аралығында өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік салық төлеу талап етілмейді, ал ҚҚС тек импортпен айналысқанда немесе бейрезиденттермен жұмыс істеген жағдайда төленеді. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап шегерім қолдану тәртібі мен бухгалтерлік есеп жүргізу ережелеріне қатысты қосымша өзгерістер енгізіледі.