Орнықты кофехана үлгісі: 2025 жылғы шынайы экономика
Шығын есептеп, сценарий түрлерін қарастырайық

2025 жылы Қазақстандағы кофе нарығы жаңа жағдайға бейімделе басталды: кофе бағасы 40% қымбаттады, сүт өнімдері 25% қымбаттады, жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемдер де өсті, оған қоса білікті мамандарды сақтап қалу үшін баристалардың жалақысын да көтеруге тура келді.
Кофехана табысы тұрақты болсын десеңіз, ақшасын жасырмай есептеу қажет. Төменде ай сайынғы табысы 6 000 000 ₸, орташа чегі 1 200 ₸ болатын (айына шамамен 5 000 қонақ қабылдайтын немесе күніне 200 шыныаяқ кофе сататын) шын жұмыс істеп тұрған кофехананың үлгісін қарастырайық .
1. Ұжым және оның еңбекақысы
Бариста сағатына орта есеппен 1200 теңге алады.
Айына 8 сағат × 25 күн = 200 сағат жұмыс істейтін бір қызметкер шамамен 240 000 табады.
Кофехана қалыпты түрде жұмыс істесін десеңіз, кемінде 3 бариста қажет (екі ауысымға шығады және бір-бірін ауыстыра алады).
Салықтар мен әлеуметтік жарналарды қоса алғандағы еңбекақы қорына айына шамамен 900 000–1 000 000 теңге кетеді, бұл — тапқан табыстың 23%-на жуық.
2. Шығынның шын құрамы
- Фудкост — 35% (≈ 2 100 000 ₸). Кофе мен сүт бағасының өсуіне байланысты биыл сусынның өзіндік құны былтырғыдан жоғары. Бұрын бір капучиноның бағасы 300 ₸ болса, қазір — 420 ₸.
- Еңбекақы қоры — 23% (≈ 1 380 000 ₸). Бұған бариста жалақысы, салықтар, сыйақылар және бухгалтер, клининг, т.б. қызмет көрсетушілерге сақтап қоятын қосымша 480 мың теңге кіреді.
- Жалға алу ақысы — 12% (≈ 720 000 ₸). Бұл адамы көп аудандағы 15–25 кв. м орынның нарықтағы бағасы.
- Коммуналдық қызметтер — 3% (≈ 180 000 ₸). Электр қуаты, су, қоқыс шығару ақысы.
- Маркетинг және жарнама — 3% (≈ 180 000 ₸). Әлеуметтік желілер, визуал контент, ұсыныстар, дизайн ақысы.
- Тұтынатын материалдар мен қаптама — 3% (≈ 180 000 ₸). Қағаз стақан, қант, майлық, тазалау құралдары.
- Салықтар мен жарналар — 5% (≈ 300 000 ₸) ЖТС, зейнетақы жарнасы, әлеум. аударымдар.
- Амортизация және өзге шығын — 4% (≈ 240 000 ₸). Жабдықты күтіп ұстау, жөндеу жұмысы, интернет, компьютер бағдарламалары.
- Жалпы шығын: шамамен 5 280 000 ₸, яғни тапқан табыстан 85%. Таза пайда: шамамен 15%, ол айына 720 000 ₸.
3. Бір шыныаяқ кофенің құнын алып есептейік
Орташа чек 1200 ₸ болса:
- сусынның өзіндік құны — шамамен 420 ₸
- жалпы пайда — 780 ₸
Одан 600 ₸ операциялық шығынға жұмсалады. Сонда бір шыныаяқ кофеден шамамен 180 ₸ таза пайда түседі.
700–800 мың теңге таза пайда табу үшін күніне 200 шыныаяқ кофе сату керек.
4. Бизнес-үлгі орнықсыз істей бастайтын жағдайлар
- Фудкост 35%-дан асып кетсе, яғни технологиялық карталар дұрыс есептелмей, кофенің өзіндік құны өсе бастаса.
- Еңбекақы қоры 35%-дан асып кетсе: ұжымда тым көп қызметкер болса немесе клиент аз келетін уақытта жұмыс аз болса.
- Жалға алу ақысы 12%-дан асып кетсе: кофехананың орналасқан орны құнын ақтамай, клиент аз келсе.
- Шығын қадағаланбаса: сүт, шәрбат, қаптама сияқты заттарды ретсіз жұмсай бергенде айналымнан 3–5% жоғалады.
- Уақыт есептелмесе: бариста жұмыс істемей отырып, бірақ жұмыс уақытына ақша алатын болса.
5. Сценарий түрлері
- Күніне 140 шыныаяқ кофе сатқан кофехананың шығыны мен табысы теңеріп, нөл болады — ол шамамен 4,2 млн теңге табады
- Күніне 200 шыныаяқ сатса, үнемі 15% пайда тауып отырады, ол шамамен 900 мың теңге.
- Күніне 250 шыныаяқ сатса, пайда үлесі 20% болады, ол 1,5 млн теңгеге жуық.
6. Жұмысты орнықтырақ ету жолы
ТТК мен фудкостты 2–3 ай сайын есептеп отырыңыз.
Еңбекақы қоры мен жалға алу ақысын жалпы табыстың 35%-нан асырмаңыз. Орташа чекті тексеріп отырыңыз: апселл және қосымша тауар сату тәсілдері пайдаңызды клиент трафигін арттырмай-ақ көбейте алады. Ай сайын табыс пен шығыныңызды есептеп отырыңыз, бұл тіпті жеке кәсіпкер болсаңыз да қаражатыңызды тәртіпке келтіріп, осал жерлеріңізді көрсетіп отырады. POS-жүйе мен аналитикаға ақша салыңыз: цифрларды білмей отырып, бизнес жүргізу мүмкін емес.
2025 жылы Қазақстанда орнықты деп «қағаз жүзінде 20%» табатын кофеханаларды емес, барлық шығынның артынан таза 10–17% табыс табатын кофеханаларды атауға болады. Мұндай кофехана баға өзгерісіне де, сауданың жыл маусымына байланысты төмендеуіне де, шығынның көбеюіне де төзіп, орнықты болып қала береді. Жұмыс көрсеткіштерін осы шеңберде ұстай білу де үлкен жетістік.