Табыс болмаған жағдайда ЖК төлейтін салықтар

Нөлдік табыс кезінде тапсырылатын салық есептілігі

Табыс болмаған жағдайда ЖК төлейтін салықтар
Айжан Қыдырманова

Айжан Қыдырманова

20 жылдық тәжірибесі бар бухгалтер

Капиталды көбейтіп, пайда табу — кез келген бизнестің мақсаттарының бірі. ЖК мен ЖШC төлейтін салықтар мен әлеуметтік аударымдардың мөлшері олардың салық режиміне байланысты. ЖК-ның кірісі болмауы немесе қызметін тоқтатуы мүмкін, ал салықтың мөлшері кіріске байланысты. Мұндай жағдайда ЖК нөлдік салық есептілігін тапсырады. Табысы болмаған жағдайда ЖК қандай салықтар мен әлеуметтік аударымдарды төлейтінін бірге анықтайық. 

Табыс таппаған ЖК төлейтін салықтар

ЖК-ның табысы құрайтын салықтың есебі оңай: нөлді нөлге көбейткенде нөл шығады. Демек, ҚҚС пен ЖК-ның табысынан салық төленбейді. 

Мүлік салығы компанияның ақша айналымына байланысты емес. Сол себептен ЖК нөлдік кірісіне қарамастан бұл салықты төлеуі тиіс.

Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК 2 АЕК-ті (2026 жылда 8 650 теңгені құрайды) құрайтын әлеуметтік салықты төлейді. Салықтық кезеңде мұндай ЖК қызметін тоқтатқанда немесе кіріс алмағанда ӘС-ті төлемейді.

Кәсіпкер өзі үшін төлейтін әлеуметтік төлемдер

Міндетті зейнетақы жарналары 

МЗЖ ЖК-ның еңбекақысының, яғни табысының 10% құрайды. Табысы болмаған жағдайда ЖК 1 ЕТЖ-ның (85 000 теңге) 10% мөлшерінде, яғни 8 500 теңге көлемінде МЗЖ-ны төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес.

Жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары

2026 жылда ЖМЗЖ ЖК-ның айлығының 3,5%-ын құрайды. МЗЖ-мен ұқсас — бұл жарнаның мөлшері 1 ЕТЖ-ден 50 ЕТЖ-ге (85 000 теңгеден 4 250 000 теңгеге) дейінгі табыстан есептеледі.

Осылайша, кіріс болмаған жағдайда ЖК 1 ЕТЖ-ның 3,5% мөлшерінде, яғни 2 975 теңгені төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес.

Әлеуметтік аударымдар

2026 жылда ӘА ЖК табысының 5%-ын құрайды. Табыс болмағанда ӘА төленбейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары

Басқа әлеуметтік аударымдарға қарағанда МӘМСЖ ЖК-ның табысы болмағанына қарамастан міндетті түрде төленеді. МӘМСЖ-ны 1,4 ЕТЖ-ның 5% құрайды.

2026 жылға МӘМСЖ-ның есебі:

1,4 × 85 000 ₸  × 5% ÷ 100% = 5 950 ₸ 

Қызметкерлер үшін төленетін әлеуметтік төлемдер

Табысы жоқ ЖК-ның жалдамалы қызметкерлері болса, оларға жалақысын, қызметкерлер үшін төленетін қажетті салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есептейді. Мысалы, ЖК балмұздақ сатады делік, мұндай қызмет маусымдық сипатқа ие. Жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдер мен олардың жалақысын маусымдағы жинақталған пайдадан төлей алады. Алайда, нөлдік табыстың салдарынан жұмыс берушілер көбінесе өз қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болады.

Нөлдік есептілік

ЖК уақытша пайда таппаса да, ол салық есебінде нөлдік кірісті көрсетіп, яғни нөлдік есептілікті тапсыруға міндетті. Мұндай есепті басқаша «нөлдік» немесе «бос өріс» деп те атайды. ЖК нөлдік есептілікті кәдімгі салық есептілігі ретінде тапсырады. Нөлдік есептілікті тапсыру мерзімі ЖК-ның салық режиміне байланысты.

Нөлдік есептілікті автоматты түрде жасау тәртібі

Кәсіпкер декларацияны уақытында тапсырмаса, Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) жүйесі автоматты түрде нөлдік есепті қалыптастырады. Бұл жағдайда кәсіпкер есеп тапсыру туралы хабарламаны алмайды, ал салық органдары банк шоттарын бұғаттамайды.
Ол үшін кәсіпкерге алдын ала Салық төлеушінің жеке кабинетінде тапсыруға міндетті салық нысандарын белгілеу қажет. Әйтпесе жүйе есепті автоматты түрде қалыптастыра алмайды.

Алайда табысы бар кәсіпкер нөлдік есеп тапсырса, бұл табысын жасыру яғни заңбұзушылық болып саналады. Мұндай жағдайда ЖК төлемеген салық сомасының 200%-ын айыппұл ретінде төлейді.

 

ЖК-ның табысы болмаса да, нөлдікті, яғни бос салық есептілігін тапсыруы қажет. Нөлдік есептілікті тапсыру мерзімі ЖК-ның салық режиміне байланысты. Кәсіпкер декларацияны уақытында тапсырмаса, жүйе автоматты түрде нөлдік есеп қалыптастырады.