2026 жылы Қазақстанда шаруа және фермер қожалығын ашу

Тіркеу, жер және салық режимі

2026 жылы Қазақстанда шаруа және фермер қожалығын ашу

Шаруа және фермер қожалығы (ШФҚ) — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, оларды қайта өңдеу және сатумен айналысатын ауыл шаруашылығы бизнесінің түрі.

2026 жылы ШФҚ тіркеу тәртібі сақталғанымен, жаңартылған Салық кодексі қолданылады. Фермерлер үшін арнайы салық режимі (АСР) сақталды, салық бойынша жеңілдіктер мен ҚҚС-мен жұмыс істеу ережелері нақтыланды. 2026 жылы ШФҚ ашқан кезде не нәрсеге назар аудару керектігін баяндаймыз.

ШФҚ-ны кім аша алады

Егер:

  • Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналыссаңыз: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, омарта шаруашылығы, бау-бақша өсіру, жылыжай шаруашылығы. ШФҚ ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп қана қоймай, оны қайта өңдеуге де құқылы екендігін еске саламыз.
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалансаңыз: ШФҚ боп жұмыс істеу және арнайы салық режимін қолдану үшін кәсіпкердің мұндай жер теліміне тіркелген құқығы (меншік құқығы немесе жалдауды қоса алғанда, жер пайдалану құқығы) болуға тиіс. Қожалық жер теліміне құқық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылған болып есептеледі.
  • Техниканы, инфрақұрылымды және инвестицияларды пайдалана отырып, ұзақ мерзімді аграрлық қызметпен айналысуды жоспарласаңыз.
  • Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды және ШФҚ үшін қарастырылған субсидияларды алуды көздесеңіз.

ШФҚ қызметкер жалдауға құқылы.

ШФҚ жер учаскелеріне қойылатын талаптар

Салық кодексінде ШФҚ үшін жердің жалпы ауданы бойынша шектеу белгіленген, ол телім орналасқан өңір мен әкімшілік аймаққа байланысты.

Қазақстанда бірнеше әкімшілік аймақ бар, олардың әрқайсысы үшін арнайы режимдегі ШФҚ пайдалана алатын ауыл шаруашылығы жерлерінің төмендегідей шекті көлемдері белгіленген:

  • 1-аймақ, 5 000 гектарға дейін — Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар.
  • 2-аймақ, 3 500 гектарға дейін — Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының, Астана қаласының жерлері, сондай-ақ Ақтөбе облысының бірінші аймаққа жатпайтын бөліктері (бұл Қазақстанның неғұрлым құрғақ және өнімділігі төмен аймақтарындағы арнайы бөлінген жайылымдық жерлер).
  • 3-аймақ, 1 500 гектарға дейін — суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері (1-аймақтағы жерлерді қоспағанда).
  • 4-аймақ, 500 гектарға дейін — суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының жерлері (1-аймақтағы жерлерді қоспағанда).

ШФҚ түрлері

ШФҚ-ны Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе қандас аша алады. Заңнамада келесі ШФҚ түрлері көзделген:

  • бір тұлғаның ШФҚ-сы — бір адам тарапынан құрылған шаруашылық
  • отбасылық ШФҚ — бір отбасының бірнеше мүшесі құрған және қызметін ортақ жерде жүзеге асыратын шаруашылық
  • қарапайым серіктестік түріндегі ШФҚ — шарт негізінде бірнеше қатысушының (туыс болуы міндетті емес) бірлескен қызметі

ШФҚ мүлкі

Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкіне ауыл шаруашылығымен айналысу үшін пайдаланылатын барлық нәрсе кіреді, соның ішінде:

  • жер телімі
  • өндірістік объектілері: шаруашылық құрылыстар мен үй-жайлар
  • техника және көлік: ауыл шаруашылығы техникасы, жабдық, көлік құралдары
  • мал, құс, көпжылдық екпелер және егіс

ШФҚ ашу

1-қадам. ЭҚЖЖ таңдау

Тіркелмес бұрын қызмет түрін анықтау қажет. Ол үшін барлық кәсіпкерлік түрлері көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ қолданылады. ЭҚЖЖ таңдауға біздің телеграм-бот та көмектесе алады.

Бас табыс көзі ретінде бір негізгі ЭҚЖЖ таңдау керек. Сонымен бірге қосымша қызмет түрін (бұл қызмет азырақ табыс әкеледі) және негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қосалқы қызмет түрін таңдауға болады.

ЖБР-да қызмет түрлері бойынша шектеулер жоқ.

2-қадам. Өтініш беру

Тегін онлайн өтініш беру қажет. Сізге тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет — ЭЦҚ-ны ХҚКО-да немесе egov.kz-те алуға болады.

ЖК ашуға өтінім беру үшін:

1. eLicense.kz-ке ЭЦҚ көмегімен кіріңіз

2. «Қызмет көрсету» → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өтіңіз

3. Деректерді енгізіңіз:

тұрғылықты мекенжай

ЖК атауы

ЭҚЖЖ

салық режимі

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз.

3-қадам. ЖК тіркелгенін тексеру

рұқсат берілгені туралы ақпарат «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде

хабарлама келгені туралы ақпарат «Менің хабарламаларым» бөлімінде орналасқан

ШФҚ үшін арнайы салық режимі

ШФҚ жеке табыс салығын (ЖТС) төлейді. ЖТС мөлшерлемесі кірістің 0,5%-ын құрайды. ШФҚ ЖТС-ны жылына екі рет төлейді. Табыс ретінде өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мен қайта өңдеуден түскен табыс саналады.

Қосымша ШФҚ өзі үшін ай сайын міндетті әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары), ал қызметкерлер үшін жалақыдан ұсталатын төлемдерді, соның ішінде ЖТС пен жұмыс беруші есебінен төленетін міндетті жарналар мен аударымдарды төлейді.

Суды пайдаланған кезде жергілікті мәслихаттар бекіткен мөлшерлемелер бойынша су ресурстарын пайдаланғаны үшін салық төленеді. Бұл ретте арнайы салық режиміндегі ШФҚ жер салығынан, мүлік және көлік салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ жерді пайдаланғаны үшін және қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін ақы төлеуден, ҚҚС-дан (тауар импорттаған және бейрезидентпен жұмыс істеген кездерді есептемегенде) босатылады.

Салық ережелері мен есебі туралы толығырақ ШФҚ салықтары туралы мақаладан оқи аласыз.

 

Ауыл шаруашылығы — бұл сізді асырайтын, әрі табыс табуға мүмкіндік беретін бизнес. Мұндай кәсіпте табандылық пен уақыт қажет. Жұмыс маусымға тәуелді болғандықтан, өнімнің шықпай қалуы сияқты қауіп бар. Соған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әрдайым жоғары, ал кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несие беру мен импортты алмастыру бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламалары қарастырылған. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту елдің азық-түлікпен тұрақты қамтылуына тікелей әсер етеді.