Қазақстандағы ЖК ретінде Ресей аумағында көлік жалға беру тәртібі

Қазақстандағы ЖК Ресей аумағында көлік жалға бере ала ма? Оның ЭҚЖЖ, құжаттары, салықтары қандай?
Қазақстандағы жеке кәсіпкер Ресей аумағында заңды түрде көлік жалға бере алады. Бірақ оның тәртібі еліміздегі жалға беру тәртібінен бөлек: бәрі құжат, салық және екі елде жұмыс істеу жағынан ерекшеленеді.
ЭҚЖЖ таңдау
Көлік жалға беруге екі ЭҚЖЖ коды лайық:
- 77111 — Жеңіл автомобиль пен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алу және жалға беру
- 77121 — Жүк автомобилін жалға алу
Құжаттары
Ресейдегі жалға алушы көлігіңізді заңды түрде пайдалана алып, сіз бухгалтериясын Қазақстанда жүргізгіңіз келсе, мына құжаттар қажет:
- Көлік құралын жалға беру шарты
- экипажысыз жалға беру — көліктің өзін ғана жалға бергенде
- экипажымен жалға беру — көлік жүргізушісі немесе тасымалдаушы қызметі бар болса
- Автокөлікті қабылдау-тапсыру акті
- Сақтандыру полисі
- Ай сайынғы жалға беру актілері
Салықтары
Жалға бергеннен түскен табысты Қазақстанда есептеп, одан салық төлейсіз. Бірақ автокөлік Ресей аумағында жүрсе, табысыңыз Ресейден түскен деп есептелуі мүмкін. Қазақстан мен Ресей арасында бір салықты екі рет төлеуге жол бермейтін келісім бар. Оған сүйенсек, салықты не Ресейде төлеп, Қазақстанда шегеруге, не белгілі жағдайларда тек Қазақстанда ғана төлеуге болады. Оның нақты тәртібі келісімшартқа және жалға алушының мәртебесіне байланысты болады, сондықтан мұндай сұрақтарды мамандардан нақтылаған жөн.
Қазақстанда таңдауға болатын салық режимі
Көлігін жалға беруші ЖК салық режимдерінің біреуін таңдауға тиіс. Мұндай қызмет түріне әдетте екі режим лайық.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған салық режимі (2026 жылы қосылмақ)
Бұл режимді 1–2 автокөлік жалға беріп, шамалы табыс тауып жүргендер қолдана алады.
Реформа жобасында алдын ала белгіленген шарттар:
- табыс шегі — айына шамамен 300 АЕК
- салығы — 4%
- декларациясы жоқ — бәрі мобильді қолданбада реттеледі
ЖК-ға арналған оңайлатылған АСР
Бұл режим көлігін тұрақты түрде жалға беретін және тапқан табысы өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың табысынан асатын кәсіпкерлерге қолайлы.
- салығы — 2–6% аралығында, нақты мөлшерлемені өңірдегі мәслихат белгілейді
- бір-ақ оңайлатылған есеп нысаны бар
- 2026 жылы ескі «оңайлатылған режимнің» орнын басады
Іске сәт!