Кофе бағасының қымбаттау себебі және оған ықпал ететін жағдай

Кофе бағасының қымбаттау себебі және оған ықпал ететін жағдай

Бұны оңай түсіндіруге болады. Дүниеде бүкіл нәрсе қымбаттап жатқандықтан, кофе де қымбаттап барады. Бірақ оны жалғыз инфляцияға ғана жаба салмай, климат өзгерісі, сұраныс деңгейі, биржадағы жағдай және дүниежүзі экономикасының күйі қабаттасқанынан туған жағдай деп білу керек.

Кофе тараған сайын жетпей барады

Қазір бүкіл әлем кофені бұрынғыға қарағанда көп ішеді. Қазақстанның бір өзінде кофехана саны күн сайын көбейіп барады. Оны елуге көбейтсек, Қытайдағы жағдайды көреміз. Ал енді дүнижүзі нарығын елестетcек, тұтынушы саны тым жылдам артып баратынын анық байқаймыз.

Бірақ шикізат көлемі тұтыну мөлшеріне сай көбейе бермейді. Басты өндіруші елдер, көбінесе Бразилия құрғақшылық пен егін шықпай қалатын жағдайға ұшырайды.

Біз жер жүзінде арабикадан басқа да кофе бар дейміз. Жақында робуста сұрыбы арабикадан екі есе арзан болған, қазір ол жағдай да климат мәселелерімен бірге өзгеріп барады. Робустаның бағасы Бразилия арабикасына тең болғанын да көрдік. Қазір Бразилияда конлон деген жаңа сұрып шыға бастады: ол жақсы өседі, ауа райына төзеді және болашақта сұранысқа ие бола алады. 

Қазір кофе бәріне жетпейтін сияқты: жидек аз шықса, дән аз болады, ал дән аз болғанда баға да қымбаттайды. Бұл экономиканың классикалық заңы.

Бір шыныаяқ логистика мен валюта

Кофе — биржаға шыққан тауар, оның бағасы долларға тәуелді.

Доллар бағамы өссе, логистика да, шикізат та, жалға алу ақысы да сәйкесінше өседі. Бұған теңгенің төмендеуін, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуін және 2026 жылғы жаңа салықтарды қоссаңыз, есебіңіз бірден шыға кетеді.

Кофе бағасын қазір өндірушілер де, қуырушылар да, кофеханалар да қымбаттатып жатыр. Арзан дән сатып алу тіпті мүмкін емес.

Уолл-стриттегі кофе

Кофе бағасын плантация иесі ойлап таппайды. Оны Нью-Йорктегі биржа қояды. Ал биржаның жағдайы қазір орнықсыз. 

Баға өте құбылмалы: бүгін 10% өссе, келесі аптада 10% төмендеуі мүмкін. Оның салдарынан біз сатып алатын партия көлемін жоспарлай алмай қалдық. Бұрын бір либрасы 200–220 цент тұратын, қазір 400 центке дейін барады.

Бұның нәтижесінде кофе қуырушылар да шығынға батып барады, кофеге жұмсаған ақшаны өтеу мерзімі де тым ұзарып барады.

Пайда көретіндер

Бұдан пайда көріп отырған ешкім жоқ сияқты.

Бразилияда кофе бағасы екі еседей қымбаттағанына қарап, фермерлер кофе дәнін қымбатырақ сата бастаған шығар дейміз. Бірақ жақын арада одан пайда табу мүмкін емес: бір егіннен көп ақша шығара алмайсыз. Кофе баяу өседі: алғашқы жидегін үш жыл күтіп, плантацияның орныққанына он жылдай уақыт бөлу керек.

Биржаны айтсақ, мұнда тек триллиондап ақша табатын ірі компаниялар ғана пайда табады, бірақ олар да жалғыз кофеге ғана қарап отырмай, бүкіл аграрлық салада сауда жасайды.

Қалғаны тек шығындала береді. Бұрын кофеханалар табыс табатын жағдайға бір жылда жете алса, қазір бір жарым-екі жыл жұмсайды.  

Кофе бағасына тек биржа мен доллар ғана емес, ішкі логистика да, салық мөлшері де, жалақы деңгейі де, дүнижүзі экономикасы да ықпал етеді. Бір шыныаяқ кофенің құнында фермердің ақысы, климат жағдайы, валюта мен биржадағы құбылыс есептеледі.

 

Біз бәрі бір мезгілде қымбаттап жатқан заманда тұрып жатырмыз. Кофе мәселесі — жаһандық жағдайдың бір-ақ бөлігі. Бұған қалай көнеміз? Жауабын менің мақалаларымнан іздейік.