Астанадағы HoReCa Expo: 3 көрмеге 10 елден 6 000 сала маманы қатысты
Астанада HoReCa Expo Kazakhstan, International Restaurant & Bar Expo және Kazakhstan International Bakery Show көрмелері өтті

2026 жылғы 16–18 маусым аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында International HoReCa Expo Kazakhstan, International Restaurant & Bar Expo Kazakhstan және Kazakhstan International Bakery Show атты үш кәсіби көрме өтті.
Аталған іс-шара мейманхана индустриясы, мейрамхана және бар бизнесі, bakery бағыты өкілдері мен HoReCa саласына жабдық, азық-түлік, технология және қызмет жеткізушілерге пайдалы B2B-платформаға айналды.
Көрме экспозициясының жалпы ауданы 6 мың ш.м. құрады. Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Болгария, Түркия, Италия, Беларусь және Гонконгтан келген 80-нен астам компания қатысты.
Үш күнде көрмені 6 086 сала маманы тамашалады. Олардың қатарында мейрамхана, кафе, бар және қонақ үй иелері мен басшылары, сатып алу мамандары, дистрибьюторлар, жеткізушілер, бөлшек сауда және өндіріс компанияларының өкілдері болды.
Көрме жаңа серіктес, жеткізуші және клиент табуға, бизнесті дамытуға қажет шешімдермен танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жабдық пен ингредиент, азық-түлік пен қаптама, ыдыс-аяқ пен тоқыма бұйымдарын, клининг және автоматтандыру шешімдерін, барлар мен мейрамханаларға, сонымен қатар наубайхана және кондитер өндірісіне арналған өнімдерді ұсынды.
Қатысушылар сауалнамадан өтіп, 58,3%-ы көрмені «өте сәтті», ал 34,7%-ы «сәтті» деп бағалады. Компаниялар кәсіби аудиторияның жоғары деңгейін, белсенді нетворкингті және көрме барысында іскерлік байланыс орнату мүмкіндігін атап өтті.
Көрменің маңызды шараларының бірі екі күндік бизнес-конференция болды. Бағдарлама аясында Marriott, Hilton, Wyndham Garden және басқа да қонақ үй брендтерінің өкілдері, сондай-ақ Negroni, Dala және өзге де жобалардың мейрамханашылары мен сарапшылары сөз сөйледі.
Спикерлер басқару, сервис сапасы, мейрамхана және қонақ үй бизнесін дамыту, гастрономия мәдениеті, жаңа форматтағы мекемелер мен бизнеске арналған тиімді шешімдер туралы сөз қозғады. Көптеген тақырып қызу пікірталасқа себеп болды. Сессиялардан кейін қонақтар спикерлерге сұрақ қойып, конференция алаңынан тыс жерде әрі қарай кәсіби тәжірибе алмасты.
Шебер сабақтарының бағдарламасы да ерекше қызық өтті. Көрме аясында 10-нан астам тақырыптық көрсетілім, дәм тату және тәжірибе сессиялары өтті. Қатысушылар өнімдер мен технологиялардың жұмысын іс жүзінде көріп, сарапшылармен тікелей сөйлесіп, өз жобаларын дамытуға пайдалы білім алды.
International HoReCa Expo Kazakhstan, International Restaurant & Bar Expo Kazakhstan және Kazakhstan International Bakery Show көрмелері Қазақстан мен Орта Азиядағы HoReCa нарығын дамытуға ықпал ететін маңызды кәсіби алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Келесі көрме 2027 жылғы 16–18 маусым аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
Қазір 2027 жылғы көрмеге ертерек орын брондауға болады. Көрме алаңындағы ең жақсы орындарды таңдап, арнайы қатысу шарттарын пайдаланып үлгеріңіз.
Мына сілтемеге өтіп, өтінім үлгісін толтырсаңыз, менеджер сізге хабарласып, кеңес береді әрі қолайлы қатысу форматын таңдауға көмектеседі.
📞 +7 771 672 5190 (WhatsApp)