Мал сою бекетін ашып, заңды түрде тіркеу үшін қандай талаптар бар

 

Мал сою бекетін ашып, заңды түрде тіркеу үшін қандай талаптар бар

Мал сою бекетін ашып, заңды түрде тіркеу үшін қандай талаптар қойылады?

Алдымен бизнесті ЖК немесе заңды тұлға ретінде тіркеу қажет. Одан кейін:

1. Сою бекетін жаңадан салыңыз немесе қолданыстағы ғимаратты талапқа сай жабдықтаңыз.

Ветеринариялық-санитариялық талаптар бойынша сою алаңында малды алдын ала ұстап, тексеретін қора және арнайы сою бөлмесі болуы тиіс. Бұл бөлме келесі шарттарға сай жабдықталуы керек:

  • еңісі мен су ағатын жүйесі бар, су өткізбейтін және оңай жуылатын еден
  • ағын суға арналған септик
  • тегіс, биіктігі 3 метрге дейін қапталған қабырғалар
  • желдету, жарықтандыру мен жылыту жүйелері
  • қалдықтарды жинап, кәдеге жарататын орын

Еті сатуға арналған болса, малды аулада, сарайда, ашық жерде және басқа да бейімделмеген орындарда союға болмайды.

2. Нысанды тіркеңіз.

Сою алаңдары міндетті түрде тіркеледі. Тіркелгеннен кейін бір жылға жарамды есептік нөмір беріледі. Өтінімді онлайн тапсыруға болады. Ол үшін алаңға қатысты меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар, нысанның техникалық деректері мен сызбасы қоса берілуі тиіс.

3. Ветеринар маманын тағайындаңыз. Оның міндеттері:

  • ветеринариялық құжаттарды (ветеринариялық жолдама немесе сертификат) тексеру
  • малды сою алдындағы тексеру және дене қызуын өлшеу
  • сойылғаннан кейiн ұшалар мен iшкi мүшелердi қарау
  • ұшаларды таңбалау
  • аумақтың салауаттылығы мен тексеру нәтижелері бойынша ветеринариялық анықтама беру

Бұл талаптар, кәсіпорын жабық технологиялық циклмен — яғни, сою, өңдеу және сатуды бір жерде, бір өндірістік база аясында жүзеге асырса, міндетті емес болып табылады.

4. Ветеринариялық-санитариялық сараптама жасаңыз. Сатылымға шығар алдында бөлшектелген ұшалар мен ішкі мүшелер міндетті түрде мамандандырылған зертханада тексеруден өтуі керек.

Мал сою рәсімдері келесі ережелермен реттеледі:

  • Жануарлардан алынатын өнімдерді сою және қайта өңдеу нысандарына қойылатын талаптар — осы жерде
  • Ветеринарлық ережелер — осы жерде
  • Ветеринарлық құжаттарды беру тәртібі — осы жерде