Бизнеске валюта бағамын бекіту жолдары

FX-платформада жұмыс істеу тәртібі

Бизнеске валюта бағамын бекіту жолдары

Мақаланың мазмұны

  • Telegram-да талқылау

Шетелдік серіктеспен келісімшарт жасасқан соң, тауар ақысын төлегенше валюта бағамы өзгеріп үлгеруі мүмкін. Бұл бизнес үшін күтпеген қосымша шығын болуы мүмкін. Мұндай шығынды болдырмау жолдарын, FX-платформаның әдеттегі валюта айырбастаудан айырмашылығын және сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) онлайн жүргізу жолдарын осы мақалада қарастырамыз.

Валюта бағамының бизнес табысына тигізетін ықпалы

Теңгенің бағамы тұрақсыз. Ұлттық банк белгіленген бағамды бекітуді жоспарлап отырған жоқ, сондықтан валюталық келісімшарттармен жұмыс істейтін компаниялар бағамның құбылуын өз бетінше ескеруге тиіс.

Мысалы, компания 50 000 долларға келісімшарт жасасып, төлемді бір айдан кейін жүргізуге келісті. Осы аралықта доллар 5 теңгеге қымбаттаса, компанияның шығыны 250 000 теңгеге артады. Өнім үстеме ақысы төмен болған жағдайда, бағамның шамалы ауытқуының өзі маржаны айтарлықтай төмендетеді. Әсіресе тауар бағасы сатып алушылармен келісілген болса, бұл қатты сезіледі.

Бизнеске арналған FX-платформа

FX-платформа — компанияларға валютаны өз бетінше айырбастауға мүмкіндік беретін интернет-банкингтегі сервис. Жүйе өзекті бағамды кез келген уақытта көрсетеді: керек валюта жұбы мен соманы таңдап, әрекетті растау жеткілікті. Арнайы өтінім толтырудың әрі банкке қоңырау шалудың қажеті жоқ.

Alatau City Bank Business мұны мобильді қолданбасында ұсынады: мәмілені банк бөлімшесіне жүгінбей әрі менеджерге қоңырау шалмай-ақ жүргізуге болады. Сонымен қатар мынадай негізгі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • компания валютаны өзекті бағаммен айырбастап, мәмілені бекітпес бұрын қорытынды соманы көре алады
  • мәміле бекітілген сәтте валюта бірден онлайн айырбасталады
  • егер мәміледе бірнеше өкілетті тұлғаның қолы қажет болса, барлығы оны растап үлгеруі үшін бағам 10 минутқа бекітіледі. Бұл тек рәсімдеу уақытына ғана жарамды әрі алдағы апталардағы бағам құбылуынан қорғамайды
  • мәміле шарттарын алдын ала толық көруге болады, ал орындалған төлемдер тарих бөлімінде сақталып отырады

Әдеттегі банк арқылы айырбастаудан негізгі айырмашылығы

 Банк менеджері арқылы айырбастауҚолданбадағы онлайн айырбастау
Түпкі бағамӨзекті бағамды банкке өтінім жасап, білу керек, ал өтінім орындалғанға дейін бағам өзгеруі мүмкінӨзекті бағам қолданбада анық көрсетіледі, мәміле осы бағаммен жасалады
Валюта айырбастау жылдамдығыБанктегі кезек пен өтінімдерді өңдеу кестесіне тәуелдіБанктің жұмыс уақытында бірнеше минут ішінде орындалады
Айырбастауға қолжетімді валюта жұптарыКелісім бойынша кез келген валютаНегізгі валюта жұптары бірден қолжетімді, сирек кездесетіндерін жеке менеджер қосады
Мәміленің күйін бақылауШот бойынша үзінді көшірме арқылыҚолданбада онлайн, кез келген уақытта

Валютаны онлайн айырбастау тәртібі

Алдын ала мынаны реттеңіз:

  • Валюталық бақылаудағы келісімшарт. Банк құжаттарды (инвойсты, жүкқұжаттарды) тексеріп, келісімшартқа оның бірегей нөмірін (КЕН) береді. Бұл нөмірді төлем жасалғанға дейін немесе тауар шекарадан өткенге дейін алу қажет
  • Валюталық шот жоқ болса, оны ашыңыз.
  • Бағам құбылуы мүмкін екенін ескеріп, шотта артығымен теңге ұстаған жөн.

Alatau City Bank Business-те валюта айырбастау тәртібі

  1. Келісімшартта немесе инвойста көрсетілген сома мен валютаны тексеріңіз. Банк пен делдал банктердің комиссиясын ескеру қажет: алушыға сома толық түсуі үшін кепілдік берілген аударым түрін таңдаңыз.
  2. Валютаны тек жұмыс күндері Астана уақытымен 09:00-ден 17:00-ге дейін айырбастауға болады. Шұғыл төлем жасау керек болса, валюта айырбастауды соңғы сәтке қалдырмаңыз: кеш түскен өтінім келесі жұмыс күні орындалады, ал бағам өзгеруі мүмкін.
  3. Валюта айырбастау қызметі «Жеке банк» немесе «Операциялар тарихы» бөлімінде қолжетімді.
  4. Валюта жұбын және соманы таңдаңыз. Мысалы, теңге мен АҚШ доллары. Жүйе ағымдағы бағам мен қорытынды соманы автоматты түрде көрсетеді.
  5. Бағам түрін белгілеңіз. Айырбастауды стандартты немесе бекітілген бағаммен жүргізуге болады.
  6. Деректерді тексеріп, мәмілені растаңыз. Орындалған операция бірден тарих бөлімінде пайда болады.
  7. Шетелдік серіктеске аударымды жіберіңіз. Қаражатты аудармас бұрын Pre-validation жүйесі алушы шотының белсенділігін тексеріп, қателіктер туралы ескерту береді. Төлем күйін SWIFT GPI Tracker сервисі арқылы бақылауға болады.
  8. Аударым түрін таңдаңыз. Әдеттегі аударым кезінде делдал банктер аударылатын сомадан комиссия ұстауы мүмкін. Кепілдік берілген аударым соманың толық түсуін қамтамасыз етеді: комиссияны жіберуші төлейді. Келісімшартта белгіленген нақты соманы төлеу үшін осы аударым түрін таңдаңыз.
  9. Есеп жүргізу мен валюталық бақылау үшін құжаттарды сақтап қойыңыз.

Барлық процесс онлайн: келісімшартты тіркеу, валюта айырбастау, халықаралық аударым жасау және төлем күйін бақылау бір қолданбада жасалады. Сирек қолданылатын валюта түрі немесе жеке шарттар бойынша жеке менеджер көмегіне жүгінуге немесе 7711 нөміріне қоңырау шалып, «валюталық бақылау» сөзін айту жеткілікті.

Бағам құбылуына байланысты шығынды азайту тәсілдері

  1. Валютаны алдын ала айырбастап алыңыз. Серіктеске төлемді бір айдан кейін жасауды жоспарласаңыз, қажет соманы қазір сатып алып, төлем күніне дейін валюталық шотта ұстауға болады. Мұндай жағдайда төлемнің теңгедегі өзіндік құны алдын ала анық болады: бір ай ішінде бағам өссе де, бұл сома өзгермейді. Бірақ бағам төмендесе, бұл соманы арзанырақ сатып алу мүмкіндігін жіберіп алуыңыз мүмкін.
  2. Валютаны бірден емес, ақша түскен сайын бөліп айырбастаңыз. Бұл тәсіл бағам айырмасын теңестіреді, бірақ мәселені толық шешпейді.
  3. Валюта ауытқуын ескеріп, тауар бағасына шағын үстеме қосыңыз. Бірақ бұл бағамды бекітпейді.
  4. Бағамды қазынашылықпен жеке келісіңіз. Alatau City Bank Business бағамды бекіту модулін ұсынады: клиент өзіне қолайлы бағамды ұсынып, оны тікелей банк қазынашылығымен келіседі. Бұл — нарықтағы бағам тиімсіз болғанда және төлем сомасы мен мерзіміне байланысты жеке шарттарды келісу қажет болғанда қолданылады.
  5. Банк комиссиясын ескеріңіз. Банкті таңдау кезінде тек валюта бағамына емес, ұсталатын комиссия мөлшеріне де назар аудару қажет. Төлемнің теңгедегі қорытынды құны осы екі көрсеткішке байланысты өзгереді.

 

Валюта бағамын бекітудің басты мақсаты — қосымша пайда табу емес, қаржылық белгісіздікті жойып, бизнес маржасын сақтау. Ол үшін алдағы төлем кестесін құрып, әрбір операцияның мерзімін белгілеңіз. Сонымен бірге банк ұстайтын комиссия мөлшерін есепке алу өте маңызды. Ал ірі мәмілелер мен ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жеке шарттарды банк менеджерімен бірге талқылаған жөн.