Жеке кәсіпкер мәртебесі бар ЖШС-да істейтін қызметкер үшін қандай салықтар төленеді?

«Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағанына алғыс білдіреміз.
Жеке кәсіпкерді жалдаған ЖШС-ның жұмыс беруші ретіндегі міндеттері өзгермейді. ҚР заңнамасы бойынша ЖШС мұндай қызметкердің салықтары мен аударымдарын басқа қызметкерлердікіндей толық төлеуге тиіс.
Қызметкердің ЖК ретінде тіркелгеніне қарамастан, ЖШС мынаны төлейді:
- жеке табыс салығы (ЖТС)
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)
- әлеуметтік аударымдар (ӘА)
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС)
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМСЖ)
- әлеуметтік салық (ӘС) – егер ЖШС жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданса
Мұндай қызметкердің ЖШС-дан төленетін салықтары оның еңбек шарты бойынша алған жалақысына байланысты. Ал кәсіпкерлік қызметінен тапқан табысынан төленетін бөлек салықтар пен аударымдарды ЖК өзі төлеуге міндетті. Бұл екі бөлек табыс көзі, олардың салықтық міндеттемелері араласпайды.