Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 18 қыркүйек
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Alatau City Bank және Mastercard Kairat-Real Madrid матчына билеттерді ұтысқа ойнатады

Alatau City Bank халықаралық MasterCard төлем жүйесімен бірлесе отырып, осы күздегі ең маңызды Real Madrid – Kairat футбол матчына сегіз билетті ұтысқа тігеді. Кездесу 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында Алматының Орталық стадионында өтеді.

Ұтыс ойынына қатысу үшін банк клиенттері MasterCard Alatau City Bank картасымен, оның ішінде Apple Pay және Google Pay арқылы 5 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн немесе офлайн кез келген сатып алу жасауы қажет.

2025 жылдың 15-25 қыркүйегі аралығында жасалған әрбір транзакция есепке алынады. Сатып алу неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Ұтысқа 18 жастан асқан Alatau City Bank-тың барлық клиенттері қатыса алады.

Акцияға қолма-қол ақша алу, карталар мен депозиттерге ақша аудару, әмияндарды толықтыру, айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ құмар ойындары мен лотереяларға байланысты операциялар қатыспайды.

Жеңімпаздар кездейсоқ рандомайзер арқылы таңдау әдісімен, банктің ресми Instagram аккаунтының тікелей эфирінде  2025 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 16.00-де анықталады.

Сегіз ұтыс иегері ойынды стадионда тамашалай алады. Ұшу, трансфер, тұру, сақтандыру және визаны ресімдеу сынды қосалқы шығындарды жеңімпаздар өз есебінен төлейді.

Банктің және аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлері, олардың жақын туыстары, сондай-ақ акцияны ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар акцияға қатысуға жіберілмейді.