Alatau City Bank бірінші айда 0%-бен тиімді шарттарда жаңа кредит ұсынады
Alatau City Bank бірінші айда айыппұлсыз және пайызсыз өтеуге болатын кредит өнімін іске қосты. Жаңа өнім жалақыға дейін ақша алғысы келетін тұлғалар үшін өте ыңғайлы.
Кредитті Alatau City Bank мобильді қосымшасында рәсімдеуге болады. Максималды сомасы – 150 АЕК (2025 жылы - 598 800 теңге), мерзімі – 12 айға дейін. Пайызы бірінші айда 0%, келесі айда - 37%-ды (ЖТСМ 35,0% - дан 36,0% - ға дейін) құрайды. Мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұлдар алынбайды.
Өнім Alatau Сity Bank қызметкерлерінен басқа 21 жастан 55 жасқа дейінгі барлық Қазақстан азаматтарына қолжетімді. Кредитті мақұлдаған жағдайда ақша бірден клиенттің картасына аударылады.