Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 01 шілде
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Jusan-ның IT қызметкерлері ауыл балаларына бағдарламалауды үйретуде


Jusan-ның IT мамандары Алматы облысының Есік қаласында кезекті тегін тренинг ұйымдастырып қайтты. Айта кетсек, банк қолдауымен өткізілген Auyl.Go жобасының аясында бұл жолы мамандар  15 оқушыға кодтауды үйретті.

Жоба ұйымдастырушыларының бірі, Jusan-ның цифрлық өнімдер департаментінің маманы Қайрат Садықовтың сөзінше, жобаның мақсаты – балалардың талантын ашуға мүмкіндік сыйлап, олар үшін сұранысқа ие мамандықты қолжетімді ету және тәжірибелік дағдыларды үйрету.

«Біз мектеп оқушыларға IT мамандығы және ірі технологиялық компаниялардың мәдениеті жайлы толығырақ айтып, бағдарламалаушы қандай белестерді бағындыра алатынын түсіндіреміз. Тренингте олар бағдарламалаудың қыр-сырын меңгеріп, тіпті өздерінің веб-сайттарын жасайды. Біз IT мамандығының маңызын көрсеткіміз келеді, себебі бұл –  ауыл балалары үшін нағыз әлеуметтік лифт және көптеген адамдар ойлағандай қиын емес», - дейді ол.

Сабақ аяқталғаннан қатысушылар бағдарламалаудың бастапқы курсын оқығаны туралы сертификаттарға ие болды. Еске салсақ, бұған дейін жоба ұйымдастырушылары 
Алматы облысының Қарасаз және Жамбыл облысының Талапты ауылдарында барып қайтқан еді.