Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 29 шілде
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Jusan елордалық емханаға медициналық құрылғыларды сыйға тартты


Наурыз қарсаңында Jusan астаналық №9 емханаға медициналық құрылғылар сыйға тартты. Құны 1,5 миллион теңгеге жететін аппараттар емхананың бас дәрігеріне Jusan Bank-тің Астанадағы филиалының бөлшек сауда блогінің директоры Роза Бегемирова табыс етті.  

«Jusan денсаулық сақтау жүйесінің мемлекет пен халық үшін маңызын түсінеді. Біз үшін тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудан бөлек, олардың саулығын қамтамасыз етуге үлес қосқымыз келеді. Осы орайда біз елордалық емханаға осындай медициналық құрылғыларды тартып отырмыз. Алдағы уақытта бұл аппараттар дәрігерлерге қолғабыс болады деген үміттеміз», - дейді ол.

Айта кетсек, бұл Банктің қазақстандық медициналық мекемелеріне көрсеткен алғашқы көмегі емес. Бұған дейін Jusan қарағандылық емханаға  құны 5,2 млн теңгеге жететін пациенттерді тасуға арналған көлік сыйға тартқан болатын.