Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 01 шілде
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Jusan Singularity ерекше қажеттіліктері бар балаларға IT-ден тегін курс өткізді


Jusan Singularity және iTeacher академиясы Apple компаниясының оқу бағдарламасын бейімдеп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі апталық тренинг өткізді. Swift тілінде бағдарламалау курсына қатысқан олар iPhone үшін алғашқы ойындарын жасады.

Балаларға Apple Trainer Certified сертификатына ие Смағұл Негматов тәлімгерлік етті. Түрлі диагнозы бар (Церебральды сал ауруы, Туретта, дизартрия, есту қабілетінің төмендеуі)  14 пен 18 жас аралығындағы 17 жасөспірім бағдарламалауды меңгерді. Сонымен қатар  бағдарламалау негіздерін қамқоршылардың тәрбиесіндегі SOS ауылының тәрбиеленушілері де үйренді.

Jusan Singularity директоры Анар Садықованың айтуынша, Астананың өзінен барлығы 70 өтініш түскен.

«Өңірлерден, әсіресе оңтүстіктен өтініштер көптеп түсті. Жобаға ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қауымдастығы қызығушылық танытты. Мектепте ерекше қажеттіліктері бар балаларға бағдарламалауды үйрету үшін тұрақты оффлайн сабақтар іске қосылады деп жоспарлануда», - дейді ол.

Оқу сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, оқу мен демалыс үшін жағдай жасалған мектепте өтті. Мектептің басты мақсаты – балалардың әлеуеті мен олардың техникалық мамандыққа қызығушылығын анықтау.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, балалар курс нәтижесінде бағдарламалау дағдыларына ие болып, болашақ мамандығы туралы шешім қабылдап, өз қабілеттеріне сенімділігін арттырады. Ал ерекше қажеттіліктері бар балалар
стереотиптер мен қорқыныштарып жеңіп, қоғамға бейімделу мүмкіндігін иеленеді.