Jusan Қазақстанды цифрландыруға сеп болуда
Jusan халықаралық сарапшыларды, IT қауымдастығын, стартаптар мен мемлекеттік органдарды бір орынға жинаған ең ірі технологиялық іс-шара –Digital Almaty халықаралық форумының серіктесі болды.
Форумға қатысушылар технологиялық өнертабыстарын таныстырып, бизнес, қала мен мемлекет деңгейіндегі цифрлық трендтер жайлы ой қозғады.
Бүгінде Jusan цифрландыру үдерісін қолға алып, бөлшек сауда және бизнес сегменттеріне, соның ішінде банк қызметіне арналған өнімдерін енгізуде. Ал клиенттердің өмірін жеңілдетіп, оларға едәуір жақын болу үшін банк сервистер мен қызметтерді тоғыстыратын цифрлық экожүйе құрды. Әрбір қазақстандық Jusan қосымшасының көмегімен бір мезетте депозит немесе карта ашып, несие рәсімдеп, сақтандыру полисін сатып алып, қазақстандық және шетелдік бағалы қағаздарға инвестиция жасап қана қоймай, азық-түлік өнімдерін, киім-кешек, әуе билеттерін сатып ала алады. Ал Jusan Business қосымшасы арқылы кәсіп жүргізіп, валюта айырбастап, тіпті онлайн түрде бухгалтерия жұмыстарын реттеуге болады.
Сақтандыру – банктің белсенді түрде цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатқан салаларының бірі. Форумда «Сақтандыру нарығын цифрлық шешімдер арқылы дамыту» панельдік сессиясы аясында Jusan Garant басқарма төрағасы Абай Егембердиев компанияның табысты тәжірибесімен бөлісіп, сақтандыру қызметтерін цифрландыру деңгейіне тоқталды.
«Елімізде міндетті сақтандыру полистерін сайт немесе мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады. Мысалы, көлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі онлайн түрде алу қарастырылған. Біз сондай-ақ клиенттерге тарифтер бойынша жеке шарттарды ұсына аламыз. Жалпы, маркетплейс арқылы кез келген полисті рәсімдеуге болады, атап айтсақ, саяхатшылар үшін, мүлікті сақтандыру, жазатайым оқиғадан сақтандыру, автоКАСКО. Оның барлығын да қосымшадан сатып алуға болады» - деді Абай Егембердиев.
Банк алдағы уақытта да цифрландыру арқылы бизнестің сапасын арттыратын және оны жаңа деңгейге шығаратын іс-шараларға қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті.