Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 01 шілде
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Олегжан Бекетаев Қазақстандағы ең үздік маркетинг директоры атанды


Jusan-ның маркетинг, ESG және PR жөніндегі басқарушы директоры Олегжан Бекетаев тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен Қазақстандағы маркетинг саласының үздігі деп танылды. Марапаттау рәсімі Алматыда Kazakhstan Marketing Conference аясында өтті.

Бір жыл ішінде Jusan-ның маркетинг тобы үлкен жетістіктерге жете алды. Мәселен, қазақстандықтар арасындағы әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, банк рейтингі Top of mind рейтингі бойынша тоғызыншы орыннан ТОП-3-ке дейін көтерілген. Ал App Store қолданушыларының Jusan қосымшасына деген бағасы 3,3-тен 4,7-ге дейін өскен. 

Олегжан Бекетаев, марапат жайлы: 

«Біріншіден, бұл менің банк басшылығына берген уәдем. Компанияға жұмысқа келгенде оны жаңа белестерге жеткізіп, брендті табысты ету үшін қаражат пен уақытты дұрыс есептеп, алдыма мақсат қойдым. Екіншіден, командама Қазақстандағы үздік маркетолог боламыз деп уәде бердім. Жыл қорытындысын шығарғанда, бұған қол жеткізе алғанымызды аңғардым және мұны нарықтағы әріптестерімнің мойындағанын қаладым. Марапат біздің командаға мотивация беріп, үмітін ақтауға негіз болады деген сенімдемін. Жалпы, Jusan үшін де, өзім үшін де үлкен мақсат – «Канн арыстанын» иелену. Бұл нарықтың әрі қарай дамуына сеп болып, Қазақстандағы маркетингтің жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді». 

Дереккөз: Forbes.kz