Jusan Bank Өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары бекітілгенін хабарлайды
Құрметті клиенттер!
Jusan Bank 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен (№614) бекітілген Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша Өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) күшіне енетінін Сіздерге хабарлайды.
Қағидалармен келісетіндігін 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей өтініш арқылы растаған салымшыларға өтемақы (сыйлықақы) төлеу жүзеге асырылады.
Қағидалармен келісетініңізді Банк бөлімшесінде өтініш жазу арқылы, сондай-ақ қашықтан қызмет көрсету арналары (Банктің мобильді қосымшасы) арқылы растай аласыз. Банк салымшыларына тиісті Push хабарлама/ SMS хабарлама жіберілетін болады.
Қағидалардың редакциясымен Банк сайтындағы Депозиттер бөлімінде танысуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша 7711 (мобильді телефоннан тегін), 8 717 258 77 11 (қала телефондарынан қоңырау шалу тегін) нөмірлері бойынша Банктің Call center-іне хабарласу керек.
Сіздің Jusan Bank