2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдардың тізбесі кеңейтілді (ҚР Салық кодексінің 616-бабы).
Құрметті клиенттер!
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдардың тізбесі кеңейтілді (ҚР Салық кодексінің 616-бабы).
Соттарда мемлекеттік баж төлеуден:
• Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
• Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар;
• басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттердің ардагерлері;
• Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
• 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
сондай-ақ:
• мүгедектігі бар адамдар;
• бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі босатылады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару төленген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде мүмкін болатынына назар аударамыз (ҚР Салық кодексінің 108-бабының 6-тармағы).