Құрметті клиенттер!
Құрметті клиенттер,
Jusan Business су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына терең жанашырлық сезімін білдіре отырып, табиғи апаттың зардабынан жапа шеккен өңірлердің тезірек қалпына келуін тілейді.
Орын алған жағдайды ескере отырып, біз клиенттерімізге – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға кредиттері бойынша төлемдерді еш айыппұл және өсімпұлсыз үш айға төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беруге шешім қабылдадық.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін төлемдердің төлеу мерзімін ұзартуға өтініш берудің екі жолы бар:
1. Өтінішіңізді DOCULITE жүйесі арқылы онлайн тапсыра аласыз. Толық ақпарат алу үшін менеджеріңізге хабарласыңыз.
2. Кез келген банк бөлімшесіне жазбаша түрде өтініш беру. Қолыңызда жеке куәлік (жеке тұлғалар үшін) пен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын құжаттар болуы тиіс.
Біз осындай қиын-қыстау кездерде көмектесуге әзірміз.
Қосымша ақпарат алу үшін 7711 нөмірі бойынша call-центрге хабарласыңыз