Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 01 шілде
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Құрметті клиенттер!

АҚШ тарапынан 2025 жылдың «15» қаңтарында енгізілген жаңа санкциялық тыйымдар мен шектеулер жайындағы ақпаратты хабарлаймыз: 

1. БАНКТЕР. АҚШ-тың тыйым салатын санкциялық тізіміне «Керемет Банк» ААҚ, Қырғызстан Республикасы, енгізілді.

2. ҰЙЫМДАР. АҚШ-тың тыйым салатын санкциялық тізімі келесідей заңды тұлғалармен толықтырылды: «Военторг» АҚ, Запорожье атом электрстанциясы (АЭС), «Патриот» конгресстік-көрме орталығы, Королевтегі орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институты, «УМК-Сталь» ЖШҚ, «Корпорация тактическое ракетное вооружение» АҚ және т.б.

3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР. Заңды тұлғалармен қатар АҚШ-тың тыйым салатын санкциялық тізіміне жеке тұлғалар да енгізілді: Владислав Васильевич Исаев, Запорожье АЭС басшысы, Ли Фангюэ («Рокем Сервис» ЖШҚ қауымдастырылған тұлғасы), Сергей Савченко (Бердск электрмеханикалық зауытының қауымдастырылған тұлғасы). АҚШ-тың соңғы санкциялық пакетінде ҚР жеке тұлғалары, резиденттері және азаматтары жоқ.

4. ЛИЦЕНЗИЯЛАР. 2025 жылдың «1» наурызына дейінгі мерзімде (wind down period) «Надеждинский Металлургический Завод», «УМК-Сталь» ЖШҚ, «Керемет Банк» ААҚ және өзге тұлғалар мен олардың еншілес ұйымдары сияқты кейбір санкциялық тұлғалар қатысатын мәмілелер мен операцияларды аяқтау мүмкіндігін беретін 3 бас лицензия берілді. Бұл ретте, «wind down period» Банкте ашылған шоттар арқылы санкциялық тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін операцияларға қатысты қолданылмайды.