«Alatau City Bank» АҚ және «Alatau City Invest» АҚ ресми мәлімдемесі
Құрметті әріптестер!
«Alatau City Bank» АҚ және «Alatau City Invest» АҚ еншілес компаниясы Интернет желісінде және басқа да коммуникация арналарында таратылып жатқан жалған жарияланымдар мен кепілдендірілген пассивті табысқа уәде беретін жарнамалық материалдарға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Таратылып жатқан материалдар алаяқтық сипатқа ие және азаматтарды шатастыруға бағытталған.
Клиенттер мен серіктестерді жауапкершілік танытып, сақ болуға шақырамыз:
- барлық ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы бірнеше рет тексеріңіз:
сайт;
банктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары;
байланыс орталығы: 7711.
- деректемелерін үшінші тұлғалар жіберген шоттар мен карталарға ақша аудармаңыздар;
- телефон немесе мессенджерлер арқылы растау кодтары мен дербес деректерді айтпаңыздар;
- оңай табыс табу туралы күмәнді уәделерге сенбеңіздер.
«Alatau City Bank» АҚ және оның еншілес компаниясы «Alatau City Invest» АҚ азаматтардың Банкке және оның еншілес құрылымдарына қатысы жоқ күмәнді жобаларға ақша қаражатын салуынан туындайтын мәселелер үшін жауапты емес. Мұндай шешімдер үшін жауапкершілік толығымен азаматтардың өздеріне жүктеледі.