Жеке тұрғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын ағымдағы шоттарға қызмет көрсету бөлігінде орандаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама
Құрметті жеке тұлға клиенттер!
«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 29-бабы 1-тармағы), Клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайларда Банк банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы екендігіне назарларыңызды аударады.
Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын ( «Jusan Bank» АҚ шоттары үшін) және «АТФБанк» АҚ-тың жеке тұлғаларға банктік және өзге қызметтерді ұсынуының жалпы қағидаларын («АТФБанк» АҚ шоттары үшін) орындаудан біржақты тәртіпте бас тартатынын, сондай-ақ бір жылдан астам қаражат болмаған және шот бойынша ақша қозғалысы болмаған жинақ ақша шоттарын және «талап еткенге дейін» шоттарын осы хабарламаны орналастырған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң жабатынын хабарлайды.