«Жарқын Қызылорда» марафоны
24 қыркүйекте өткізілген «Жарқын Қызылорда» марафонының арқасында Қызылорда бұрынғыдан да әрленді. Jusan Bank осы іс-шараның бас серіктесі болды.
Оған қаланың 600-ден астам тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде Jusan Қызылорда филиалының 80 қызметкері қатысты.
«Бұл достық, салауатты өмір салты пен позитивті энергияның атмосферасы сезілген керемет жүгіру марафоны болды», – деп пікірлерімен бөлісті филиал қызметкерлері.
Марафонның бір де бір қатысушысы құр қол қайтпады. Әр қатысушы керемет әсер алды, жаңа адамдармен танысты, әрине, керемет сыйлықтар – қаланың түрлі ойын-сауық іс-шаралары мен оқиғаларына сертификаттар алды.
Марафон ұйымдастырушыларына және әрбір қатысушысына белсенді позициялары және тамаша көңіл-күй үшін алғыс айтамыз!