2026 жылғы АЕК пен ЕТЖ
Ресми бекітілген көрсеткіштер

Үкімет 2026 жылғы айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы мөлшерін бекітті.
2026 жылғы АЕК мөлшері
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болды
(2025 жылы — 3 932 теңге).
АЕК — салық, айыппұл, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және өзге де міндетті төлемдерді есептеу үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Бұл көрсеткіш жыл сайын қайта қаралады.
ЕТЖ және оның 2026 жылғы мөлшері
ЕТЖ (ең төменгі жалақы) — толық жұмыс айына төленетін ең төменгі еңбекақы мөлшері. Жұмыс беруші жалақыны осы деңгейден төмен белгілей алмайды, бұл қызметкерлер құқығының бұзылмауын қамтамасыз етеді.
2026 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады — 85 000 теңге.
Өзге ресми көрсеткіштер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көрсеткіштердің мынадай мөлшері белгіленді:
- ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге (2025 жылы — 62 771 теңге)
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге (2025 жылы — 32 360 теңге)
- ең төмен күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге (2025 жылы — 46 228 теңге)