Кофеханалардың ақшасын білдіртпей шашатын бес нәрсе

Бәріне — бір ем

Кофеханалардың ақшасын білдіртпей шашатын бес нәрсе

Мен бұл салада 20 жыл жұмыс істеп келемін, кезінде 20 кофеханадан тұратын үлкен желіні басқардым, қазір Rockets Coffee Kazakhstan компаниясының жетекшісімін. Жылдан жылға бұл салада жүріп байқағаным — көптеген кофеханада клиент тасып жатса да, тапқан табысы көзге көрінбей жұмсала береді. Оның басты себептері мынадай:

1. Өнім түрі бойынша есеп жасамау

Өнімдердің өзіндік құны мен маржа деңгейін көрсететін есеп болмай, қай өнім ақша әкеліп, қайсысы ақша шығындайтынын анық көру мүмкін емес. Жаңа ашылған кофеханалардың мәзірінде көбінесе арнайы ойлап тапқан қымбат сусындар болады, оларды сатқаннан түскен пайда сусын жасауға кеткен шығынды әрең жабады. Ал әр шәшкенің өзіндік құнын есептеп, маржасын үнемі тексеріп отырсаңыз, бұның бәрі оңай жөнделеді.

2. Бюджет жоспарын құрмау

Кофехана иелерінің көбі бүкіл ақшасын кофехананың ішін безендіруге, сәнді жиһаз сатып алуға жұмсайды. Ақырында маркетинг пен қаражат айналымына ақша жетпей қалады да, жаңа ашылған кофехананың сырты әдемі болғанымен, ішінде адам болмайды. Ал ай сайынғы бюджет жоспары болмаса, тіпті жаман: бұл жағдайда шығын есептелмей, кассада ақша жетіспей қалуы мүмкін. Бюджетті жол картасына теңесек те болады: онсыз жолдан таю оңай.

3. ТТК-ға мән бермеу

Технология картасы табыс көлеміне тікелей әсер етеді. Егер бариста сусындарға 50 мл артық сүт құйып отырса, онда бір айда мыңдаған теңге далаға кетеді. Сусын құрамындағы өнімдердің салмағы дұрыс өлшенбесе, дәмі де басқа болады, өзіндік құны де әртүрлі болып шығады, одан түскен пайда та көбеймейді.

4. Жарамсыз өнімдерді есептемеу

Азық-түлік бұзылса да, тәтті бәліштер сатылмай тұрып қалса да, сүт ашып кетсе де — бәрі шығын. Шағын кофеханаларға мұның бәрі ауыр тиеді: бір бұзылған торттың бағасы бір күндік табыстың жартысындай болады. Сондықтан азық-түлікті уақтылы түгендеп отырған дұрыс.

5. Жұмысты нашар қадағалау

Ұжымдардың үлкенінде де, кішісінде де қателер мен шығын келтіретін жағдайлар болып тұрады. Мысалы, қызметкерлер сатқан нәрселерді кассадан өткізбесе, не достарына тегін кофе құйып берсе, не бірдеңені жарамсыз деп тастай салса, ақша кетеді. Касса мен есептерді күн сайын қадағаламасаңыз, тапқан табыс білінбей жоғалады.

 

Қорытынды ретінде айтар сөз

Кофеханалардың ақшасы бәсекенің кесірінінен емес, ішкі мәселелердің салдарынан шашылады. Бұны тәртіп орнатып, өнімдердің өзіндік құнын есептеу, бюджетті алдын ала жоспарлау, технология картасын пайдалану, азық-түлік қорын қадағалау және касса жүйесін бақылауға алу арқылы бір-ақ жолмен жөнге келтіруге болады. Осы айтқанды істесеңіз, кофеханаңыздың жағдайы жақсарып, табысы да орнығады.