2026 жылы қанша күн демаламыз

Мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі

2026 жылы қанша күн демаламыз

2026 жылы қазақстандықтар ең ұзақ мамыр айында демалады — 14 күн. Ал ең аз демалыс ақпан, сәуір, маусым және қыркүйек айларына тиесілі: әр айда сегіз күннен. Төменде 2026 жылғы демалыс күндерінің толық күнтізбесімен бөлісеміз.

Қаңтар айындағы демалыс күндері

Жаңа жыл құрметіне ресми демалыс күндері — 1 және 2 қаңтар. Мереке аптаның соңына түсетіндіктен, 2025 жылдың 30–31 желтоқсан жұмыс күндері болып есептеледі. Осылайша қазақстандықтар 1–4 қаңтар аралығында қатарынан төрт күн демалады. Рождество мерекесіне орай қосымша демалыс күні — 7 қаңтар, сәрсенбі күніне түседі.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша істейтіндер үшін 1 және 2 қаңтар — демалыс күндері, ал 3 қаңтар — жұмыс күні.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: демалыс күндері — 1–4 және 7 қаңтар; барлығы 12 демалыс күні және 19 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: демалыс күндері — 1–2 және 7 қаңтар; барлығы 7 демалыс күні және 24 жұмыс күні.

Ақпан айында демаламыз ба

Ақпан айында Қазақстанда мереке не мейрам жоқ. 

Оңайлатылған режимдегі ЖК 15 ақпанға дейін 910.00 СЕН декларациясын тапсырып, 2025 жылдың екінші жарты жылдығы үшін 25 ақпанға дейін салық төлеуге тиіс екенін еске саламыз.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс күні және 20 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс күні және 24 жұмыс күні.

Наурыз айындағы демалыс күндері

2026 жылы наурыз айында Қазақстанда бірден екі мереке атап өтіледі — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы.

8 наурыз мерекесі жексенбіге түсетіндіктен, 9 наурыз, дүйсенбі күні демалыс болып саналады.

Ал 2026 жылғы Наурыз мейрамы сенбі күні басталатындықтан, келесі аптаға екі қосымша демалыс күні ауыстырылады.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 13 демалыс, 18 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Сәуір айында демаламыз ба

Сәуір айында мереке не мейрам жоқ, әдеттегі күнтізбе бойынша демаламыз.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Мамыр айындағы демалыс күндері

Қазақстан халқының бірлігі күні — 1 мамыр жұма күніне түседі, сондықтан демалыс үш күн қатарынан демаламыз: 1–3 мамыр.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр — Жеңіс күні мерекелік күндер болып саналады. 9 мамыр сенбіге түсетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге — 11 мамырға ауыстырылады.

Алдын ала деректерге сәйкес, Құрбан айт 27 мамырда атап өтіледі және ол ресми демалыс күні болып саналады.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 14 демалыс, 17 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Маусым айындағы демалыс күндері

Қосымша демалыс жоқ.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Шілде айындағы демалыс күндері

6 шілдеде атап өтілетін Астана күні дүйсенбіге түсіп, қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Тамыз айындағы демалыс күндері

30 тамыз — Конституция күні жексенбіге түседі. Сондықтан 31 тамыз, дүйсенбі күні демалатын боламыз.

Тамыз айында оңайлатылған ЖК 2026 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін 910 СЕН декларациясын тапсырып, 25 тамызға дейін табыс салығын төлеуге тиіс.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 11 демалыс, 20 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 6 демалыс, 25 жұмыс күні.

Қыркүйек айындағы демалыс күндері

Қыркүйек айы мерекелерсіз өтеді.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қазан айындағы демалыс күндері

25 қазан күні қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Мереке жексенбі күніне түсетіндіктен, 26 қазан да демалыс болып саналады.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 10 демалыс, 21 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қараша айында демаламыз ба

Қараша айында мереке не мейрам жоқ.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 21 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 25 жұмыс күні.

Желтоқсан айындағы демалыс күндері

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, сәрсенбі күніне түседі. 

30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болып саналады.

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.