Үш компонентті интеграцияланған жүйеге қатысты 2026 жылғы өзгерістер

Үш компонентті интеграцияланған жүйеге қатысты 2026 жылғы өзгерістер

2026 жылы үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдану ережелері қалай өзгерді? Енді бұл жүйені кім пайдалануы керек?

 «Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағанына алғыс білдіреміз.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда үш компонентті интеграцияланған жүйені жаңа талаптарға сәйкес қолдану қажет.

ҮИЖ жұмысының жаңа қағидаты

Әрбір сатылым дерегі бір уақытта үш жерде автоматты түрде тіркеледі:

  • чек — онлайн-касса деректерді салық органына жібереді
  • төлем — банк операцияны растайды
  • қойма — жүйе сатылған тауар немесе өнімді қоймадағы қалдықтан есептен шегереді

Осылайша бизнес сатылымды, төлем мен қалдық санын бірден бақылайды. Жүйе деректерді қолмен енгізуді қажет етпейді, қайталануды болдырмайды және сәйкессіздікті жояды. Барлығы бір жүйеде жүзеге асырылады.

Жаңартылған ҮИЖ «Виртуалды қойма» және ЭШФ АЖ мемлекеттік жүйелерімен бірігіп жұмыс істейді. Бұл қателерді болдырмайды:

  • Жүйе СЭҚ ТН және Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығы бойынша сәйкес кодтарды автоматты түрде таңдайды.
  • Тауарға арналған ілеспе жүкқұжаттарын автоматты түрде қалыптастырады.

ҮИЖ-ні пайдалану кімге тиімді

Кәсіпкерлер үшін ҮИЖ мына жағдайларда тиімді:

  • таңбаланған тауар (аяқ киім, киім-кешек, дәрі-дәрмек, темекі) сатсаңыз, ҮИЖ таңбалау коды бойынша сатылған тауарды бірден айналымнан шығарады
  • импортпен немесе «Виртуалды қоймадағы» тауармен жұмыс істеп, тауарға арналған ілеспе жүкқұжат жазып беруге міндетті болсаңыз, мұны ҮИЖ автоматты түрде жасап, жұмыс уақытыңызды үнемдейді
  • оңайлатылған режимдегі ЖК үшін салық декларациясындағы деректерді жүйе өзі қалыптастырады — бухгалтердің қажеті жоқ
  • дәмхана немесе дүкен иелері ҮИЖ арқылы қоймадағы азық-түлік пен тауар қалдығы бойынша өзекті ақпаратқа қол жеткізеді

ҮИЖ қажет емес жағдайлар

ҮИЖ әлі де мына тұлғаларға қажет емес:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға — айына 300 АЕК-ке дейін табысы бар арнайы режимде жұмыс істейтіндер
  • таңбаланған тауар сататын шағын бизнес — тиімді, бірақ міндетті емес
  • жеке тұлғаларға көрсететін қызметі бойынша өнімнің күрделі есебін жүргізбейтін кәсіпкерлер

 

2026 жылы ҮИЖ қолдану кәсіпкердің есеп жүргізуде адал әрі ашық екенін көрсетеді. Бұл салық органдарының күтпеген тексерулеріне іріктелу ықтималдығын азайтады.