Дүниежүзі алкоголь нарығы: 2025 жыл қорытындысы мен 2026 жыл бағдары

2025 жыл аяқталып, дүниежүзі алкоголь нарығындағы ахуал мен оның қалыптасу себебін қорытындылайтын уақыт келді.
Мен нарықтағы жағдайды IWSR компаниясының дерегі мен сала жөніндегі есепке сүйеніп талдадым. Спойлер: халық ішімдік ішуді азайтты, бірақ алкоголь нарығы құлдыраған жоқ. Оның құрылымы, ішімдік форматтары және ішу әдеті қалай өзгеріп жатқанын айтып берейін.
Алкоголь тұтынудың жалпы сипаты
IWSR дерегі бойынша сыра әлемдегі ең көп сатылатын сусын болып қала береді. Ол жалпы өндіріс көлемінің 75,2% үлесін алады. Одан кейінгілері:
- шарап – 10,4%
- ішімдік – 9,9%
Маңызды өзгеріс ішімдік санатында байқалады.
Ішімдік сату көрсеткіштері
Жоғарыда атаған ашық дереккөздерде мамандар 2023–2024 жылдарды салыстырып, миллиондаған 9 литрлік кейстен алынған ақпарат берді:
- виски: 463,3 миллионнан 480,1 миллионға дейін 3,6% өсті
- арақ: өзгеріссіз — 338,4 млн
- бренди: 165 миллионнан 170 миллионға дейін 3% өсті
- ром: 159,8 миллионнан 164,7 миллионға дейін 3% өсті
- джин: 104,9 миллионнан 108,2 миллионға дейін 3,2% өсті
- текила мен мескаль: 46,2 миллионнан 47,6 миллионға дейін 3,1% өсті
- коньяк: 13,9 миллионнан 13,1 миллионға дейін 6,2% азайды
2024–2025 жылдардың салыстырмасы әлі жоқ. Бірақ бұл жерде ішімдік көлемі емес, сауда логикасы маңызды. Нарық тұтас құлдырамай, қайта бөлініп жатыр: коктейль, аперитив және әлеуметтік форматқа байланған ішімдік санаттары дамып барады. Ал ауыр, кешке қарай ішетін ішімдіктер бұрынғы дәрежесінен айырылып жатыр.
Ішімдікті аз ішу себебі
IWSR президенті Мартин Лодевяйкстың айтуынша, мұның себебін бір-ақ нәрседен көруге болмайды. Ол бірнеше факторға байланысты:
- ойланып тұтыну мәдениетінің дамуы
- инфляцияға және бюджеттерге қысым көрсетілуі
- демалыс пен өмір салтының өзгеруі
Айта кетерлік жайт: АҚШ-та 2023 жылы алкоголь саудасы 2% қысқарды — бұл сауданың соңғы 30 жылдағы алғашқы рет төмендеген кезі.
Сонымен қатар:
- ішімдіктің алкогольсіз нұсқалары (мысалы, виски мен джин) 32% өсті
- алкогольсіз коктейльдер 36% өсті
Халық ішімдіктен бас тартқан жоқ, бірақ ішімдік градусы мен форматының басқа түрлерін таңдай бастады. Сондықтан банкаға құйылған дайын коктейльдер – Ready-to-Drink (RTD) көлемінің өсуіне байланысты тағы бір тренд пайда болды.
- 2024 жылы RTD сату көлемі 270,5% өсіп, 4,7 млн кейс көрсеткішіне жетті.
- 2021 жылы жаңа RTD-ның әрбір үшіншісі алкогольді зельтер болса (спирттен жасалған негіз, қант, су, дәмдеуіш), 2024 жылы әрбір тоғызыншысын ғана солай атауға болды.
- Бәрінен асқан сусындар – премиум санатты FAB (Flavored Alcoholic Beverages, дәмделген алкогольді сусындар): 2021 жылы жаңа сусын көлемі 16%, 2024 жылы 28% өсті.
Бөлек өскен санаттар:
- лонг-дринк — жаңа сусын көлемі 38%-дан 42%-ға дейін өсті
- алкогольсіз RTD — 3%-дан 6%-ға дейін өсті
- салқындататын шараптан жасалған шпритцерлер — 4%-дан 7%-ға дейін өсті
Қазіргі алкоголь ішу орындары мен әдеттері
Пандемияның әсері әлі де сезіледі. Халық көбінесе үйде отырып ішеді:
- әлем тұтынушыларының 58 пайызы соңғы рет үйінде ішіпті
- 37 пайызы ішімдік ұсынатын орындарға барып ішіпті
Түнде шулы орындарға барып ішкеннің орнына үйде кездесетін, ертерек жиналып кешкі ас ішетін, шамалы адам шақырып бас қосатын форматтар келді. Әркім өз шығынын, уақытын, көңіл-күйін өзі қадағалағысы келеді, бұл да сусын таңдағанға тікелей әсер ететін жайт.
Бұнымен қатар онлайн сатылатын алкоголь көлемі де өсіп барады. 2024 жылы дүниежүзіндегі онлайн сауда 2% өсті, сауда көлемі Азия-Тынық мұхит аймағында көп болды.
Премиум сусындар мен аперитивтер: көлемі аз да, мәні көп
2024 жылы премиум санаттағы алкоголь саудасы 3% өсті, бұл әсіресе Азия, Африка және Оңтүстік Америкада байқалды.
Тұтынушылардың мінез-құлқы көбінесе «азырақ та сапалырақ сусын ішеді» деп сипатталады.
Одан аперитив ішу де әдетке айнала бастады. Spritz жалпыға танымал әрі түсінікті сусынға айналды, оның соңынан мына сусындар ерді:
- көпіршік шараптар
- биттерлер
- жеңіл аперитивер
IWSR компаниясы 2023–2028 жылдары аперитив пен биттер (алкоголь үлесі 15–22%) санаты жылына орта есеппен +19% өседі деп болжайды.
Жалпы қорытынды
Жағдайға жалпы қарасақ, қазір алкоголь ішудің өзі мақсат емес. Ол көбінесе уақыт өткізу жолының бір бөлігі.
Халық:
- азырақ ішеді
- ішімдікті ойланып таңдайды
- жеңіл ішімдіктерге ауыса бастады
- үйден шықпай және кешке қарай ішкенді ұнатады
- ішімдіктің градусына емес, дәміне қызығады
Ал ішімдік таңдағанда оның дәрежесіне емес, жағдайға лайық болуына, ішетін адамның өмір салтына үйлесуіне, беретін әсеріне және ұсыну жолына қарайды. Мұны коктейль ішу мәдениетінен анық көруге болады. Барселонадағы Sips және Paradiso атты екі бар алкогольдің өзін емес, оның әсерін бірінші орынға қояды.
Қорытындым мынадай:
- Ішімдіктің көлемі азайып, сапасы көтеріліп барады. Жалпыға танымал брендтердің орнын сапалы, мәнді ішімдік басып барады.
- Халық барға бармай, үйде отырып ішетін болды. Үйде кездесу, шамалы адам шақырып бас қосу форматтары қазір жиі кездеседі – бұл пандемиядан қалып қойған тренд.
- Ішімдікті онлайн сатып алу әдеті қалыптасты. Алкогольді интернеттен сатып алу тұтынушының әдетті мінез-құлқына айналды.
- Градус төмендеді. Құрамында алкоголі аз немесе тіпті алкогольсіз коктейльдер ауыр ішімдіктің орнын басып келеді.
- Аперитив мәдениеті дамып келеді. Көпіршік шараптар мен аперитивтер ішімдікке жеңіл әрі әмбебап балама ретінде жиі таңдалады.
Қорытынды қарапайым: нарықтың көлемі тарылған жоқ, пішіні ғана өзгеріп жатыр. Дәмді, әсерлі, ойланып ішетін ішімдіктер бәрінен кең таралып барады. Енді Қазақстан нарығы өзгеріске қалай бейімделетіні және бізде қандай үрдіс байқалатыны қызық. Дайын статистика болмағандықтан, мен мұны өзім зерттедім — оны мында оқи аласыздар: