Қазақстанда кофе тұтыну мәдениеті қалай өзгерді
Poster зерттеуі

2025 жылы Қазақстандағы кофеханаларда сатылған шыныаяқ кофе көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 24%-ға артты. Алайда қазір бір шыныаяқ кофенің орташа бағасы 8%-ға өсіп, 1 310 теңгеге жетті. Кофе тұтыну мәдениеті қалай өзгергені және қазақстандықтардың қандай сусындарды жиі таңдайтыны жайлы мекемелерді автоматтандырумен айналысатын Poster компаниясының зерттеуінде талқылаймыз.
Есептеу қалай жүргізілді
Зерттеу Қазақстандағы 120 кофехананың сауда деректеріне негізделді. Нәтижелер мүмкіндігінше дәл болып, нақты өсімді көрсету үшін Poster сарапшылары 2024–2025 жылдары аралығында үзіліссіз жұмыс істеген кофеханалардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл тәсіл жаңа кофеханалардың ашылуы немесе кейбірінің жабылып қалуына байланысты туындайтын ауытқуларды болдырмай, жыл сайынғы көрсеткіштерді дұрыс салыстыруға мүмкіндік берді.
Жоғары сұранысқа ие 5 кофе сусыны
Қазақстанда ең көп таңдалатын кофе сусындары әлі де капучино мен латте болып отыр. 2025 жылы зерттеуге қатысқан кофеханаларда сатылған барлық кофенің 77%-дан астамы осы екі сусынға тиесілі болды. Сатылым бойынша көшті капучино бастады, екінші орында — латте. Үшінші орынға американо шықты.
Нарық әлі де сүт қосылған сусындарға бейім: қонақтар классикалық қара кофеге қарағанда жұмсақ әрі үйреншікті кофе түрлерін жиірек таңдайды.
Классика әрдайым сұраныста — сауданың негізгі үлесі әлі де капучино, латте және басқа да үйреншікті сусындарға тиесілі. Бірақ маусымға қарай, мысалы, жазда қонақтар жаңа салқын сусындарды қуана таңдайды. Сондықтан негізгі сұраныс классикаға тиесілі, ал маусымдық ұсыныстар қосымша пайда әкеледі.
Асылжан Қази, Қазақстандағы кофеханалар желісі мен Espresso Day франшизасының негізін қалаушы
Фильтр кофе мен бамбл кең таралып жатыр
Ең айқын өсімді үйреншікті емес, керісінше ерекше сусындар көрсетті. Мысалы, бір жыл ішінде фильтр кофені тұтыну 65%-ға артты. Бұдан да жоғары өсімді бамбл көрсетті: сауда деңгейі 3 еседен астам көбейді. Әзірге бұл сусын көлем жағынан үлкен санатқа жатпайды, бірақ оның кең таралуы Қазақстандағы қонақтардың маусымдық әрі қалыптан тыс сусындарға жиірек назар аударып, таңдай бастағанын көрсетеді.
Ірі санаттарда да тұрақты өсім байқалады. Капучино тұтыну деңгейі 27%-ға, американо — 26%-ға, латте — 20%-ға, ал флэт уайт 35%-ға артты. Бұл нарықтың тек жаңа тәжірибе есебінен емес, жалпы кофе тұтынудың күнделікті деңгейде артуы арқылы да өсіп жатқанын көрсетеді.
Бір жағынан, сұраныстың негізгі бөлігін әлі де жаппай сұранысқа ие сүт қосылған сусындар — капучино мен латте құрайды. Екінші жағынан, бұрын ерекше саналған санаттар, мысалы, фильтр кофе жылдам өсіп жатыр. Бұл кофе мәдениетінің жетіліп келе жатқанын көрсетеді: нарық бір уақытта кеңейіп, әртараптанып жатыр.
Бір жағынан, сұраныстың негізгі бөлігін әлі де жаппай сұранысқа ие сүт қосылған сусындар — капучино мен латте құрайды. Екінші жағынан, бұрын ерекше саналған санаттар, мысалы, фильтр кофе жылдам өсіп жатыр. Бұл кофе мәдениетінің жетіліп келе жатқанын көрсетеді: нарық бір уақытта кеңейіп, әртараптанып жатыр.
Родион Ерошек, Poster компаниясының CEO-сы және тең құрылтайшысы
Кофе қымбаттаса да, сұраныс өсіп келеді
Бір жыл ішінде кофе сусындарының орташа бағасы шамамен 8%-ға өсті. Соған қарамастан қонақтар кофе тұтынуды азайтқан жоқ, керісінше, оны жиірек сатып ала бастады.
Кофе бағасындағы елеулі өзгерістердің ішінде:
- капучино шамамен 9,6%-ға қымбаттап, 1 160 теңгеге жетті
- латте — 10,5%-ға өсіп, 1 200 теңгені құрады
- американо — 10,5%-ға өсіп, 880 теңгеге жетті
- флэт уайт — 7,3%-ға қымбаттап, 1 050 теңгені құрады
- фильтр кофе — 14%-ға өсіп, 1 210 теңгеге жетті
Ең қымбат санат ретінде балама кофе (қолмен дайындалатын кофе — құйғыштағы кофе, кемекс, аэропресс) сақталды. 2025 жылы бір сусынның орташа бағасы шамамен 2 180 теңгені құрады (баға 5%-ға өскен).
Нарықтағы бағаның өсуі қонақтардың мінез-құлқына да әсер етіп жатыр: адамдар үйреншікті кафелерден гөрі ауданы 200 ш.м-ге дейінгі, асүйі жоқ, бірақ жылдам жеңіл тағамдар ұсынатын кофеханаларды жиірек таңдай бастады. Демек, баға өссе де, қонақтар кофеден бас тартпайды, олар тұтыну форматын өзгертіп, түсінікті, жылдам әрі ыңғайлы жолды таңдайды.
Асылжан Кази, Қазақстандағы кофеханалар желісі мен Espresso Day франшизасының негізін қалаушы
Астана Алматыдан жылдам өсіп жатыр
Екі ірі қала арасында жоғары өсімді Астана көрсетті: бір жыл ішінде кофе тұтыну деңгейі 31%-ға артты. Алматыда да өсім сақталғанымен, қарқыны біршама баяу — сатылған шыныаяқ саны 16%-ға көбейді. Бұл Астананы елдегі ең жылдам өсіп жатқан кофе нарықтарының біріне айналдырады. Ал Алматы жоғары сұранысы бар, бірақ өсу қарқыны біршама тұрақталған, жетілген нарық ретінде қалып отыр.
Қазақстанда кофені таңертең және күндіз ішеді
Қазақстандағы кофеханаларда ең қарбалас уақыт — таңғы сағат тоғыз. Осы уақытта тапсырыстар саны ең жоғары болады. Жалпы кофе тұтынудың 26%-дан астамы 8:00–10:00 аралығында, ал жартысы 8:00–13:00 аралығында жүзеге асады.
Бұл кофе көпшілік үшін таңғы сусын және жұмыс күнінің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.
Бұл материалды Ösim үшін Poster компаниясы әзірледі.
Poster — Орта Азиядағы дәмханалар мен мейрамханаларға арналған алғашқы бұлтты автоматтандыру жүйесі (2013 жылдан бастап жұмыс істейді). Бір POS жүйесі барлық мәселелерді шешеді: касса, қойма, QR-мәзір, AI-көмекші, жеткізу, қаржы, талдау, CRM.
Бүгінде Poster-мен әлемнің 110 елінде 28 000 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда 2 000 клиенті бар. Күн сайын шамамен 1 800 000 чек осы жүйе арқылы өтеді.