Кофеханаға су тазалау жүйесін таңдайық
Су сүзудің үш тәсілі

Кофехана иелері кофе дәнінің сапасына, дән қуыру тәсіліне, кофе дайындайтын құрал-жабдыққа көп мән беріп, су туралы мүлдем ұмытатынын жиі байқаймын.
Кофе сусыны 98% судан тұрады ғой. Судың сапасы нашар болса, ешбір қымбат кофемашина да, сапалы дән де көмектеспейді.
PPM сөзінің мәні мен маңызы
PPM (parts per million) — бұл суда еріген зат мөлшерінің көрсеткіші, яғни судың минералдану деңгейі.
PPM тым жоғары болса, су кермек болып, кофемашинада қақ тұрып, кофе ащы болып шығады. Ал тым төмен болып, су дистилденгендей болса, кофенің дәмі дұрыс шықпай, ащылау болады.
Кофе дайындауға жарайтын судың көрсеткіші 75–250 ppm аралығында болуға тиіс. Бұл жағдайда әрі құрылғыңыз бұзылмайды, әрі дайындаған сусыныңыз дәмді болады.
Әр қалада судың дәмі әр бөлек
Қазақстанның әр аймағында су әртүрлі:
- Алматыда су өте жұмсақ, орташа мәні 60–120 ppm.
- Астанада, керісінше, кермек су 350–400 ppm дейін барады.
Сол себепті Астанадағы кофеханалардың бойлерлері мен кофемашинаның кофе дайындайтын бөлшегі жиі сынып қалса, Алматыда кофенің дәмі дұрыс шықпайды.
Бұл екі қалада су тазалау тәсілі екі түрлі болуға тиіс.
Су тазалау тізбегі
Жақсы сүзгі деп ыдыс-аяқ жуатын орынның астындағы жалғыз фильтрді атамаймыз.
Ол бірнеше деңгейден тұратын тізбек:
- Механикалық сүзгі — құм, тот, ұсақ түйірлерді сүзеді.
- Көмір сүзгі — хлор мен жағымсыз иісті жояды.
- Су жұмсартқыш — кальций, магний тұздарын сүзіп, бойлерді қақтан қорғайды.
- Кері осмос (қажет жағдайда қолданылады) — суды толық тазалайды.
- Минералдағыш немесе байпас — суды қалыпты деңгейге (80–120 ppm) көтеру үшін оған қажет минерал қосады.
PPM көрсеткішін реттей алатын брендтер
Жақсы құрылғылар міне:
- BWT Bestmax Premium — байпасты баптатуға болады + суды магниймен толықтырады, кофенің дәмін жұмсағырақ әрі тәттірек етеді.
- Brita Purity C — байпасты 0–70% аралығында оңай реттеуге болады, нәтижесі үнемі тұрақты.
- Pentair Everpure Claris — Америкада жасалған жүйе, мұны да реттеуге болады.
- Barrier Barista — шағын кофеханаларға лайық жақсы бренд.
Үш түрлі шешім
1. Үнемді шешім
Күніне 50 литр суға дейін жұмсайтын шағын кофеханада:
- Механикалық сүзгі + көмір + ион алмастырғыш картридж пайдаланыңыз.
- PPM көрсеткішін TDS-метр көмегімен өзіңіз тексеріп отырыңыз.
Мұндай жүйенің бағасы 60–100 доллар болады, бірақ картриджін жиі айырбастап тұру керек. Ол суы жұмсақ өңірлерде, мысалы, Алматыда жарайды.
2. Орташа деңгей
Brita Purity C150 немесе BWT Bestmax S сияқты кәсіби сүзгілер.
- Байпасты баптауға болады.
- Картридждері 2–3 ай жұмыс істейді.
- Сусын дайындаған кезде су «кофеге сай» тазартылады.
Бастапқы жиынтық 200–400 доллар шамасында тұрады, бірақ уақыт өте келе бағасын ақтап, құрылғыңызды сақтап, судың дәмін біркелкі етіп тұрады.
3. Премиум жүйе
Ол қайта минералдау функциясы бар кері осмос, яғни бәрін қадағалайтын сенімді, тұрақты жүйе.
Астанадағыдай кермек суға да, суды SCA стандарттарына сәйкес тазартуға да бірдей жарайды.
Онымен PPM көрсеткішін нақты белгілеп, суды толық тазартып, қайта минералдауға болады.
Бағасы 800 доллардан басталғанымен, кофемашинаңыз сақталып, кофеңіздің дәмі үнемі бірдей жақсы болады.
Жүйені ыңғайлап жинау
Қысқаша айтсақ:
- Алматыда байпасы бар орташа деңгейлі жүйе алуға болады.
- Астанада қайта минералдайтын осмос орнатқан жөн.
- Бастапқы кезеңде PPM көрсеткішін қадағалайтын үш деңгейлі қарапайым сүзгі де жетеді.
Сүзгіге жұмсалған ақшаны шығын деп көрмей, кофе дәмінің тұрақты болуына және құрылғыңызды сақтауға салған ақша деп көру керек. Жақсы су кофехананың жарты табысын ақтайды.