Қытайдан өндіріс жабдығын әкелу тәртібі

Қытайдан өндіріс жабдығын әкелу кезінде қандай төлемдер мен құжаттар қажет?
Қажетті төлемдер:
Жабдықтың құны — жеткізушімен келісімшартта айқындалады.
Жеткізу мен сақтандыру міндеттемелері Incoterms 2020 шарттарына сай белгіленіп, жеткізушімен келісімшартта көрсетіледі. Бұл шарттарға түсініктеме беретін кесте әзірледік. Демек, тауардың түпкілікті құны сатушы көтеретін шығындарға байланысты өзгеруі мүмкін. Егер ол жеткізу мен сақтандыруды өзі төлесе, бұл сома тауар бағасына қосылады.
Кедендік төлемдер:
- кедендік баж — мөлшері тауардың СЭҚ ТН коды бойынша ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифімен анықталады
- ҚҚС — салық мөлшерлемесі 12% құрайды, салық тауардың кедендік құны, кедендік баж және жеткізу шығындарының жиынтығынан есептеледі
- кедендік рәсімдеу алымы — мөлшері тауар санатына байланысты
- cертификаттау немесе сәйкестік декларациясы — жабдық ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келсе, оны рәсімдеу үшін төлем жасалады
Қосымша шығындар:
- кеден брокері қызметі — егер құжаттарды өзіңіз рәсімдемесеңіз
- уақытша сақтау қоймасы — қажет болған жағдайда
Қажетті құжаттар:
- жеткізушімен келісімшарт
- инвойс пен буып-түю тізімі (packing list)
- көлік құжаттары: Bill of Lading (теңіз және өзен көлігімен тасымалдау үшін), CMR (автокөлік), Railway Bill of Lading (теміржол)
- тауардың шығу тегі туралы сертификат
- сәйкестік сертификаты немесе декларация — жабдық ЕАЭО техникалық регламентіне кірсе
- компанияның БСН/ЖСН-і
- мәміле паспорты — банк арқылы рәсімделеді
- кедендік рәсімдеу өтініші — «Астана-1» жүйесі арқылы беріледі
Пайдалы мақала: