Мобильді қолданба қолданатын АСР-де тапсыратын есептер

«Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағанына алғыс білдіреміз.
Мен Яндекс Таксиде жұмыс істеу үшін арнайы мобильді қолданба қолданатын арнаулы салық режиміндегі ЖК аштым. Бұл режимде бәрі автоматты түрде жасалып, оған ешқандай есеп тапсырмауға болады деп естідім, бұл шын ба?
Мобильді қолданба қолданатын АСР-дің маңызды артықшылығы — бұл режимде декларация тапсырмайсыз.
Режимнің басқа да артықшылығы:
- Бүкіл төлем өзі есептеледі: E-Salyq Business қолданбасы салық сомасы (табыс мөлшерінен 1%) мен әлеуметтік төлемдеріңізді автоматты түрде есептейді.
- Дерегіңіз салық органына жөнелтіледі: тапқан табысыңыз бен оған салынатын салық туралы ақпарат Мемлекеттік кіріс комитетіне автоматты түрде жіберіледі. Осылайша салық органы бизнесіңіздің айналымын көріп отырады.
Бұл режим жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыз:
Сіздің басты міндетіңіз — салықтар мен әлеуметтік төлемдерді уақытлы төлеп отыру. Бұл төлемдердің мөлшері мен мерзімін E‑Salyq Business қолданбасында қарауға болады.