Мобильді төлемдерді заңды түрде қабылдау жолдары
Кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын енді декларациялау керек болады

Береке Алтаев
product owner Jusan Business
Мақаланың мазмұны
Төлемдерді мобильді аударым арқылы қабылдайтын кәсіпкерлер тексеріске түсетін болады. Тексеріс тек төлемдерді жеке шоттарына қабылдап, клиенттерге фискалды чек бермей жүргендерге ғана қатысты болады. Егер салық органдарында жай адамдар заңсыз бизнеспен айналысып жүр деген күдік туса, онда олар да тексерілетін болады. Тексеріс қандай жағдайларда болып қалуы мүмкін және одан қалай аулақ қалуға болатыны туралы осы мақалада айтып береміз.
Аударымдарды не себеппен декларациялау керек
2024 жылы ЖК және ЖШС иелері мен олардың жұбайлары мүліктері мен табыстарын, оның ішінде мобильді аударымдарын да декларациялауға міндетті. Ал 2025 жылы банктер салық органдарына халықтың 2024 жылғы мобильді аударымдары туралы мәлімет беретін болады. Ал егер банк мәліметтері мен декларациядағы мәліметтер екі түрлі болса, салық органдары ондайға бірден назар салатын болады. Бұл бизнеспен заңсыз айналысып жүрген және табыстарын жасырып, салық төлемей жүрген кәсіпкерлерді аулау үшін жасалып жатқан шара.
Тексеріске кім түседі
Туыстарға, достарға, отбасына жіберілген аударымдар тексерілмейтін болады. Бизнестерін ашық жүргізіп, салықтарды уақытында төлеп жүрген кәсіпкерлер де ілікпейді. Тексеріске тек үш ай бойы түрлі адамдардан 100-ден астам мобильді аударым қабылдағандар ғана түседі, себебі мұнда жай адамдар бизнеспен заңсыз айналысып жүр, ал кәсіпкерлер табысын жасырып жүр немесе төмендетіп жүр деген күдік пайда болады. Тіпті әрекет етпейтін жеке кәсіпкерлер де тексеріске шалдығулары мүмкін.
Табыс жасырылса не болады
Салық органдары тексеріспен ешкімге әдейі бармайды, бірақ егер жасырын табыс туралы мәлімет алса, ол туралы түсініктеме сұрап, барлық қателерді жоюды және аталмыш табысты декларациялауды талап ететін болады.
Егер мобильді аударымдарды кәсіпкер емес біреу алған болса, онда оған алдымен ЖК тіркеп, бизнесті заңды түрде жүргізу керегі туралы хабарлама жіберіледі хабарламадағы шарттар орындалмаса, тексеріс белгіленетін болады. Ал егер аударымдар жеке кәсіпкердің жеке шотына түссе, онда салық органдары оның шоттарын бұғаттап, тексеріс бастайтын болады.
Төлем қабылдау жолдары
Кез келген төлем POS-терминал, QR коды, қашықтан төленетін шот арқылы немесе қолма-қол ақшамен қабылданып, фискалды чек және сауданы растайтын басқа да құжаттар арқылы расталуы керек. Онсыз кәсіпкер салық заңнамасын ғана емес, тұтынушы құқықтарын да бұзатын болады: клиенттер сатып алынған затын айырбастау немесе қайтару үшін оның сатып алынғанын куәландыратын құжат алуға тиіс. Төлемдерді тек қолма-қол ақшамен қабылдауға еш тыйым жоқ, бірақ бұл кезде де сатып алушыға міндетті түрде чек беру керек болады.
Ал қолма-қол ақшасыз төлемдерді жеке шотқа қабылдамаған жөн: кәсіпкерлер сауда айналымын өздерінің жеке ақшаларынан бөлек ұстаулары керек. Ол үшін бизнеске арналған банк қосымшасын жүктеп алып, бизнес шотын ашып, қаражатты бөлек реттеу керек.
Alatau City Bank Business-те кассирлерге арналған қосымшаны, интернет-банкингті және POS-терминалды біріктіретін Tole атты ыңғайлы қызмет бар. Оның көмегімен төлемдерді карта, телефон және QR арқылы қабылдауға, клиенттерге қашықтан төлем шоттарын жіберуге, сондай-ақ, тауарларды кредитке және бөліп төлеу мүмкіндігімен сатуға болады.
Alatau City Bank Business ұсынған POS-терминал арқылы төлем қабылдау тәсілдері
Tole эквайрингі сауда, курьер қызметі, кафе, мейрамхана және т.б. салаларда пайдалануға ыңғайлы қызмет. Төлем қабылдау тәсілдері:
- POS-терминал — банк картасы мен телефон арқылы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауға арналған құрылғы. Ол төлем қабылдау терминалы мен бақылау-касса машинасы қызметтерін біріктіріп, ешқандай қосымша есеп жүргізу техникасын қажет етпейді. POS-терминал American Express банкінен басқа барлық банктердің карталарынан төлем қабылдайды.
- Tole қосымшасындағы QR – терминал қолданбай-ақ, QR коды арқылы смартфоннан тікелей төлем алуға арналады. QR арқылы төлемдерді қайтаруға да болады – ол үшін клиент сатушының смартфонындағы QR кодын сканерлеп, төлем тарихындағы тізімнен қажет операцияны таңдап, «Қайтару» батырмасын басуы керек. Бұл тәсіл тек Alatau City Bank картасын қолданатын сатып алушыларға ғана жарайды.
- Тұрақты QR — бұл Alatau City Bank клиенттеріне арналған қағазға басылған QR коды. Клиент кодты мобильді қосымша арқылы сканерлеп, төлем бетіне өтеді де, төлем сомасын енгізеді.
- Қашықтан төлеу — төлем шотын клиенттің мобильді нөміріне компания атынан жіберу тәсілі. Сатушы төлем күйін қосымшада тексере алады. Бұл тәсіл де Alatau City Bank клиенттеріне арналады.
- Интернет-эквайринг — тауарлар мен қызметтердің төлемдерін қашықтағы терминал арқылы онлайн қабылдау тәсілі. Мұнда клиент өз картасының деректерін өзі енгізеді де, төлемді SMS коды арқылы растайды.
POS-терминалдар чектерді қағазға басып шығарады, ал қалған тәсілдерде түбіртек электронды түрде шығып, мәліметтерді есепке алу тәртібін жеңілдетеді, әрі қолмен есептегенде кететін қателерді азайтады.
Сауда нүктелері
Alatau City Bank Business ұсынған POS-терминал көмегімен төлемдерді бірнеше сауда нүктелеріндегі әр түрлі кассирлерден қабылдауға болады. Мысалы, егер кәсіпкер бірнеше дүкен ұстайтын болса, онда ол Alatau City Bank Business қосымшасында бірнеше сауда нүктесін жасап, әрбіреуіне POS-терминал қоса алады, болмаса бір сауда нүктесін жасап, оған бірнеше терминал қоса да алады. Осылайша, ол дүкендеріндегі терминалдардан өткен барлық операциялар жөнінде есеп алып отырады. Ал оның барлығын қолмен жасамас үшін, қосымшада үзінді көшірмелерді автоматты түрде жүктеп алу қызметін баптап, ыңғайлы уақытта, яғни, күн сайын, жұма сайын немесе ай сайын поштаға толық мәлімет алып отыруға болады.
Комиссия
Tole эквайрингі тарифтері өте тиімді:
- егер клиент QR арқылы төлесе, сатушыдан 0,8% комиссия ұсталады,
- егер төлем Alatau City Bank картасынан алынса — 1,5%,
- ал басқа банктің картасынан қабылданса — 2,2% ұсталады.
Пайыз бірден ұсталады да, төлемдер ЖК шотына комиссиясыз түсіп отырады.Басқа банктердің карталарымен төлегенде комиссия неліктен жоғары болады? Мысалы, сіздің дүкеніңізде Alatau City Bank Business ұсынған POS-терминалы тұр дейік. Клиент тауарын басқа банктің картасымен төлеп сатып алғанда, сізден 2,2% комиссия ұсталады. Бірақ Alatau City Bank бұл операциядан өзіне тек шамалы пайыз ұстап қалады да, басты бөлігін сатып алушының картасындағы Visa немесе Mastercard төлем жүйесіне жібереді. Ол жүйе өз комиссиясын ұстайды да, қалдығын сатып алушының картасын шығарған банкке жібереді. Ал банк оны сатып алушыға кешбэк түрінде қайтып береді.
Қызмет көрсету тегін
Tole POS-терминалдары тек жалға беріледі. Абонент төлемінің мөлшері компанияның тауар айналымына байланысты болады, бірақ айналымы айына 300 мың теңгеден асатын компаниялар оны тегін пайдалана алады.Терминалды орнату, баптау және жөндеу қызметтері де тегін көрсетіледі. Банк қызметкерлері кассирлерге төлемдерді карта және QR арқылы дұрыс қабылдауды, есеп құрастыруды, жұмыс кезектерін жабуды үйретіп береді. Фискалды чектерге арналған таспалар мен жарнама жапсырмалары да тегін беріледі, ол үшін қызмет көрсету бөліміне байланысу керек.
Терминал алуға тапсырыс беру
POS-терминал алуға өтінішті онлайн беруге болады:
- Alatau City Bank Business қосымшасына кіріңіз (web, iOS, Android);
- «Ұсыныстар» немесе «Эквайринг» бөлімінде «POS-терминалға тапсырыс беріңіз де, төлемдерді қабылдаңыз» → «Тапсырыс беру» батырмаларына басыңыз;
- Терминал санын таңдаңыз — мұнда ең көбі бес терминалға тапсырыс бере аласы, ал одан да көп керек болса, банк бөлемшесіне хабарласыңыз;
- Үзінді көшірме алатын электронды поштаңызды жазыңыз, содан кейін төлем қабылдау шоты мен қызмет түрін таңдаңыз да, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз;
- Сату нүктелерінің атауларын мен мекенжайларын жазыңыз, кемінде бір кассирдің аты-жөні мен телефон нөмірін енгізіңіз;
- «POS-қа тапсырыс беру» батырмасын басып, менеджер қоңырауын күтіңіз.
POS-терминал бір күн ішінде жеткізіледі, мысалы, егер өтінішті таңертең берсеңіз, онда құрылғыны түстен кейін алатын боласыз. Алайда, POS-терминалды пайдалану үшін Alatau City Bank-де шот ашу міндет емес. Құрылғыны банк бөлімшесінде алуға болады — тек басқа банктегі төлем қабылдайтын шоттың мәліметтерін берсеңіз болды. Бұл жағдайда да Alatau City Bank терминалын пайдаланғаныңыз үшін ешқандай қосымша комиссия алынбайды.
Төлемдерді заңды түрде қабылдай отырып, сіз өзіңізді айыппұл, шотқа тыйым салу және т.б. сияқты салық органдарының жазаларынан сақтап қана қоймай, өз қаражатыңызды да реттеп ұстап, басқара алатын боласыз.