Мохитодан бастап Лонг айлендке дейінгі қазақстандықтар ұнататын коктейльдер
Poster зерттеуі

Қазақстанда жұрт не ішкенді ұнатады? Сусындарға сұраныс жыл мезгіліне байланысты бола ма? Poster қоғамдық тамақтану саласын автоматтандырушы компаниясы Қазақстан аумағындағы бар, кафе, мейрамхана клиенттерінің тапсырыстарын талдап, жиі сатылатын коктейль рейтингін жасады.
Топжарған коктейльдер
Poster компаниясы 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы қыркүйек аралығында бүкіл Қазақстан бойындағы 1 700 тамақтану орнынан жиналған сауда дерегін талдап шықты.
Қазақстандықтар жиі таңдайтын үш коктейль қатарына Мохито, Глинтвейн және Лонг айленд кірді. Артынан Негрони, Апероль шприц, Джин тоник, Виски сауэр, Маргарита, Пина колада ілесті. Тізім соңына Френч 75 коктейлі қосылды.
«Көбі Мохито коктейлін қатты ұнатып, жиі алады. Оның алкогольсіз түрі де жақсы сатылады. Ал қыста бәрі Глинтвейн ішкісі келеді, суық мезгілде онсыз болмайды», – дейді Poster мамандары.
Жыл мезгіліне лайық сусындар
Глинтвейн әдетте күз соңында және қыста жақсы сатылса, жаз маусымында Мохито мен сертгітетін Апероль шприц ерекше сұранысқа ие болады.
Алматыдағы «Домашний» бары иелерінің бірі Санжар Қадірбеков: «Қазақстандағы тамақтану орындарында қонақтар көбінесе тәтті коктейль ішкенді ұнатады. Бірақ қазір ол да өзгеріп келеді: кісілер құрамы күрделі, құрғақ алкогольді сусындарға үйрене бастады. Осыдан 5–10 жыл бұрын Алматыдағы барларда твист немесе инфьюз техникасымен дайындалған коктейль табу қиын болды. Қазір болса Негрони коктейлінің түрлі нұсқасын бүкіл жерден таба аласыз.
Соңғы жылдары Алматыда концепциясы мықты, эксперимент жасаудан қорықпайтын көптеген бар ашылды. Біз Еуропа мен Солтүстік Америкадан қалыспай келеміз деп ойлаймын. Оған қарамастан, „Домашний“ барында кәдімгі Джин тоник жақсы сатылады. Біздің аудиторияға ұнайтыны сол», – деп бөлісті.
Компания туралы ақпарат
Poster — кафе мен мейрамханалар жұмысын автоматтандыратын Орта Азиядағы тұңғыш бұлттағы жүйе (2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді). Касса, қойма, QR-мәзір, AI-көмекші, жеткізу қызметі, қаржы, аналитика, CRM — бәрі бір POS-жүйеде қамтылған.
Қазір Poster 110 елдегі 28 000 тамақтану орнына қызмет көрсетеді, оның ішінде Қазақстаннан 2 000 клиент бар. Жүйе арқылы күн сайын 1 800 000 чек өтеді.
Мақаланы Poster компаниясы Ösim журналына арнайы дайындады.