POS-терминал арқылы төлем қабылдағаннан кейін ақшаны бірден алу жолы
Клиент картамен төлегеннен кейін ақша санаулы минутта шотыңызға түседі

Альбина Юсупова
Alatau City Bank Business-те бизнес-карталарға жауапты
Кейде ақша шұғыл түрде қажет болып жатады, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні ғана түседі. Alatau City Bank Business ұсынатын POS-терминалдармен енді ақша күтудің қажеті жоқ: түсім төлем қабылдағаннан кейін бірнеше минут ішінде бизнес-картаға бірден түседі.
Жұмыс барысы
Онлайн-аударым кезінде клиент картамен төлем жасайды, ал қаражат ЖК немесе ЖШС бизнес-картасына бірден түседі.
Барлығы үш қарапайым қадамнан тұрады:
- Клиент кез келген банктің картасымен Alatau City Bank-тің POS-терминалы арқылы төлейді.
- Банк төлемді растайды.
- Қаражат бір минут ішінде бизнес-картаңызға түседі.
Онлайн-аударымның артықшылықтары
- ақша бірден түседі — бұл бизнес өтімділігін көбейтеді, келесі банктік күнді күтудің немесе қолмен есеп жүргізудің қажеті жоқ
- бизнес-процестер тез жүреді — бірден жеткізушінің қызметтеріне төлем жасап, қызметкерлердің жалақысын аудара аласыз немесе бизнес-картасымен қажет нәрсені сатып алып, кешбэк ала аласыз
- Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері ұсынатын бонустарға қол жеткізесіз — карта ұстаушылар үшін Alatau City Bank Business қолданбасында көптеген жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар бар, олар туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады
Онлайн-аударымды қосу
Бұл қызметті Alatau City Bank Business қолданбасында қосуға болады. Ол үшін алдын ала келесі әрекеттерді орындау керек:
- бизнеске арналған қолданбаны жүктеп, тіркелу
- Visa немесе Mastercard бизнес-картасын ашу
Қосылу үшін:
- Қолданбаның басты бетінде немесе танымал өнімдер бөлімінде «Эквайрингке қосылу» батырмасын таңдаңыз.
- Келесі деректерді толтырыңыз: POS-терминалдарының саны, сату нүктесі туралы ақпарат.
- Қызмет түрін таңдаңыз, содан кейін «Өзара есеп айырысу схемасы» бөлімінде «Онлайн» нұсқасын көрсетіп, ақша түсетін банк картасын таңдаңыз.
- Соңғы бетте шарттармен және келісімдермен танысып, құжаттарға қол қойыңыз.
Барлығы дайын, енді терминалдың жеткізілуін күту ғана қалды — әдетте оны сол күні әкеліп береді.
Егер сізде кафе, дүкен немесе автосервис болса — табыс күні бойы түсіп тұрады. Енді қаражатты күтпестен бірден пайдалана аласыз. Alatau City Bank Business ұсынатын Visa және Mastercard бизнес-картасына онлайн-аударыммен жұмыс істейтін POS-терминалы жай төлем қабылдау тәсілі ғана емес, нағыз өтімділікті басқарудың толыққанды құралы.