Табиғи, жуу және тазалау әдісімен өңделген кофе: кафеге лайығын таңдау

Кофеханаға кофе таңдағанда дәні қалай өңделгенін білген маңызды. Дән өңдеу әдісі сусынның дәмі мен қоюлығына ықпал етеді, оны ішкен клиенттер сезе алады. Ол әсіресе эспрессо мен сүт қосылған сусындарда байқалады.
Табиғи өңдеу (natural)
Кофе жидегін жұмсағымен және қабығымен бірге кептіреді. Оның арқасында ішіндегі дән қант пен эфир майларын жеміс қабығынан сіңіреді.
Сонда сусынның дәмі қанық, тәтті болып, шоколад, жаңғақ немесе піскен жеміс татиды.
Ондай кофені эспрессо мен сүт қосылған сусындарға пайдалануға болады. Оның дәмі қышқыл татпай, жұмсақ, тәтті, жұртқа танымал классика болады.
Өндіруші аймақтар: Бразилия, Эфиопия, Йемен.
Жуу әдісімен өңдеу (washed)
Жидекті жұмсағынан тазартып, суға салып ашытады, содан кейін кептіреді.
Мұндай кофенің дәмі таза, жеңіл әрі қышқылдау болып, цитрус немесе гүл татиды.
Ондай дәннен дайындалған эспроссоның дәмі қанық, тіпті қышқыл болуы мүмкін, мұны әсіресе кофеге үйренбеген адамдар сезеді. Ал фильтр кофедегі дәмі нәзік болып шығады.
Өндіруші аймақтар: Колумбия, Кения, Гватемала, Гондурас.
Тазалау әдісімен өңдеу (honey / semi-washed)
Бұл табиғи өңдеу мен жуып өңдеу әдістерінің ортасындағы әдіс. Дәнді кептірген кезде жидек жұмсағының қалдығы дәнде қалып қояды, сол себепті кофе дәмі таза, сәл тәтті болып шығады.
Мұндай кофе жуу әдісімен өңделгенге қарағанда тәттірек, қоюрақ, жақсы үйлескен болады, бірақ табиғи өңделгенге қарағанда жеміс дәмі аса сезілмейді.
Дәмі бал, карамель, дәнді жеміс татып, сәл қышқыл келеді.
Эспрессо мен сүт қосылған сусындарға лайығы осы. Honey-кофенің дәмі жұрт ұнататындай қанық, дәмді болады.
Өндіруші аймақтар: Коста-Рика, Сальвадор, Никарагуа.

Кофеханаға қайсысын таңдаған дұрыс
Егер сіз көбінесе эспрессоны пайдаланып, үлкен аудиторияға жұмыс істегіңіз келсе, табиғи немесе тазарту әдісімен өңделген дәнді алып көріңіз.
Мұндай кофенің дәмі:
- тәтті әрі қою
- сүт қосқанда жақсы ашылады
- қонақтар оны «дәмді, қышқыл емес кофе» деп санайды
Жуу әдісімен өңделген кофені қосымша нұсқа ретінде қалдырып, фильтр-кофе дайындауға, кофе дәмін татып көргісі келетіндерге немесе дәмі ашық, қышқылтым жеміс татитын кофе ішкісі келетін қонақтарға қалдыра адасыз.
Қорытынды
- Табиғи өңделген кофе — дәмі қанық, тәтті, қою, сүт қосуға лайық
- Жуып өңделген кофе — дәмі таза, ашық, жеміс татиды, фильтр-кофе дайындауға немесе гурмандарға ұсынуға жарайды
- Тазалап өңделген (honey) кофе — орта шешім: дәмі жұмсақ, жақсы үйлескен болады
Қонақтардың көбіне ұнайтын жақсы, дәмді, бәрі білетін эспрессо дайындағыңыз келсе, табиғи немесе honey өңдеу әдісін таңдаңыз. Мұндай кофенің дәмі қою, тәтті әрі үйлесімді болып шығады.