Wildberries-те сауда жасауға салық режимін таңдау

Wildberries-те сауда жасауға салық режимін таңдау

Wildberries маркетплейсінде жеке кәсіпкер болып сауда жасаймын. Жылдық ақша айналымым 50–60 миллионға жуық болса, 2026 жылы қай салық режимінде жұмыс істегенім тиімді? Табыс шегінен аспау үшін екінші ЖК ашқым келген. Енді маған қатысты бірдеңе өзгерді ме? Екінші ЖК ашудың қажеті бар ма?

«Точный учет» бухгалтерлік агенттігінің мамандарына жауап дайындағанына алғыс білдіреміз.

Ақша айналымыңыз жылына 50−60 млн теңге болса, 2026 жылы сізге ең лайығы да, ыңғайлысы да оңайлатылған режим бола береді. Мұндағы табыс шегі — 600 000 АЕК, ол шамамен 2,5 млрд теңге, яғни сіздің айналымыңыздан көп. Салық мөлшерлемесі — 4%, ҚҚС жоқ.

Салық реформасына қарап, ақша айналымын бөлу үшін екінші ЖК ашуға ешкім тыйым салмайды, бірақ оның қажеті жоқ: оңайлатылған режимдегі табыс шегі 600 000 АЕК-ке дейін көтерілді.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес екі және одан көп фирмада бір мезгілде оңайлатылған режимді қолдануға болмайды. Егер сізде ЖК да, ЖШС да бар болса, оңайлатылған режимге оның біреуін ғана қоя аласыз, ал екіншісі жалпыға бірдей белгіленген режимге (ЖБР) ауысуы мүмкін.