Яндексте жарнаманы іске қосу
Бизнесті онлайн дамыту

Яндекс кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға арналған Яндекс.Директ сервисін ұсынады. Оның көмегімен клиенттерді Яндекс іздеу жүйесінен, серіктес сайттардан, әлеуметтік желілерден және басқа арналардан тартуға болады. Мақалада сервиске тіркелу және жарнама науқанын баптау жолдарын түсіндіреміз.
Яндекс.Директпен жұмыс істеу
Алдымен ресми платформада тіркеліп, ел ретінде Қазақстанды таңдау керек. Бұл салық пен төлемдерді дұрыс есепке алу үшін маңызды. Интерфейс әзірге тек орыс тілінде қолжетімді. Деректемелерді жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе компания ретінде енгізуге болады.
Жаңадан бастағандарға жеңілдетілген режим ұсынылады. Тіркелгеннен кейін «Науқандар» («Кампании») қойындысында «Науқан қосу» («Добавить кампанию») батырмасын таңдаңыз. Содан кейін жарнаманың мақсатын белгілеңіз: сайтқа клиент тарту, брендті таныту немесе сатылымды арттыру. Сайт сілтемесі мен жарнама мәтінін енгізіп, суретті жүктеңіз. Қалғанын жүйе автоматты түрде реттейді.
Тәжірибелі пайдаланушылар үшін басқару мүмкіндігі кең кәсіби интерфейс қолжетімді.
Жарнаманы мақұлдау рәсімі
Әр хабарландыру міндетті түрде тексеріледі: Яндекс ережелеріне және заң талаптарына сай болуы қажет. Бұл тыйым салынған тауарлар мен қызметтердің жариялануын болдырмау үшін жасалады. Әдетте модерация бірнеше сағатты алады, кейде үш күнге дейін созылуы мүмкін. Егер түзетулер керек болса, сервис хабарлама жібереді.
Жарнамаға қойылатын талаптармен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Қаржылық жағы
Яндекс.Директте CPC моделі (ағылш. Cost Per Click — бір басу құны) қолданылады: жарнамаға басқан жағдайда ғана төлейсіз, ал көрсетілім үшін ақы алынбайды. Мысалы, егер жарнамаға 10 мың теңге жұмсалып, 200 рет басқан болса, бір басудың орташа құны (CPC) 50 теңгені құрайды.
Басу құнын анықтайтын факторлар:
- бәсекелестік — бірдей кілтсөздерге жарнама көп болса, басу құны да өседі
- өңір — ірі қалаларда 50-120 теңге, өңірлерде — 20-60 теңге
- маусым және уақыт — мереке қарсаңында және қарбалас уақытта басу құны әдеттегіден жоғары болады
Барлық есеп теңгеде жүргізіледі. Егер төлем заңды тұлға немесе ЖК атынан жасалса, жалпы сомаға 12% мөлшерінде ҚҚС қосылады. Жеке тұлғаның картасымен төлеген жағдайда салық басу құнына кіреді, яғни оны бөлек төлеудің қажеті жоқ. Жарнаманы сынап көру үшін аптасына шамамен 30–50 мың теңге жеткілікті. Тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін ай сайынғы бюджет кем дегенде 100 мың теңгені құрғаны дұрыс.
Сонымен қатар, Яндекс.Директте жарнаманы автоматтандыруға, нәтижесін жақсартуға және уақытты үнемдеуге көмектесетін қосымша ақылы құралдар бар.
Жарнама форматтары
Яндекс.Директте жарнаманың әртүрлі форматтары қолжетімді — мақсатыңызға сай нұсқаны таңдауға болады. Егер клиенттің назарын белгілі бір тауар немесе қызметті іздеп жатқан кезде аударғыңыз келсе, іздеу жарнамасы тиімді шешім болады. Мұндай хабарландырулар Яндекс іздеу нәтижелерінде, мысалы, «Алматыда смартфон сатып алу» деген сұрауларда көрсетіледі.
Ал егер ұсынысыңызды бұрын қызыққан, бірақ қазір белсенді іздемейтін клиенттерге еске салу маңызды болса, Яндекстің жарнамалық желісінде (РСЯ) орналасқан жарнама тиімді. Бұл жарнама жаңалық сайттарында, блогтар мен қолданбаларда көрсетіледі. Алгоритмдер пайдаланушының қызығушылығын ескеріп, ол жай ғана жаңалық оқып отырса да, сәйкес хабарландыруды ұсынады.
Осы екі мысалдан бөлек, сервисте интернет-дүкендерге арналған динамикалық хабарландырулар, баннерлер, бейне-жарнамалар және басқа да мүмкіндіктер бар.
Сервисті меңгеру
Яндекс тегін онлайн оқыту ұсынады:
- Директ пен Метрика бойынша базалық және тереңдетілген курстар
- жарнаманы іске қосу және сайтсыз жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар
- РСЯ арқылы қолданбалардан табыс табу курстары
- Яндекс сарапшыларымен вебинарлар және сұрақ-жауап сессиялары
Курсты аяқтағаннан кейін сертификат беріледі — біліміңізді растай аласыз.
Платформада Қазақстаннан шыққан сарапшылар да бар. Олар контекстік жарнама мен аналитика бойынша семинарлар, шеберлік сабақтар мен конференциялар өткізеді.
Яндекс.Директ клиент тартудың тиімді құралы болып табылады. Дұрыс баптаған жағдайда тіпті шағын бюджетпен де жақсы нәтижеге жетуге болады. Науқан нәтижесін талдап, баптауларды түзету арқылы шығынды азайтып, жарнамадан көбірек пайда алуға болады. Сұрақтар туындаса, қолдау қызметіне +7 727 313 28 05 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз немесе хат жазыңыз.