Жаңа Салық кодексінің қоғамдық тамақтану және қонақүй саласына тигізетін әсері
HoReCa мамандарының кеңестері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Біз Дмитрий Казанцевпен сөйлесіп, HoReCa саласындағыларды, яғни мейрамхана, кафе, бар, қонақүй бизнесін қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын анықтадық.
Қоғамдық тамақтану үшін оңайлатылған режим қолайлы
Мейрамхана мен кафе клиенттерінің 99%-ы — жеке тұлғалар. Бір компания келіп, корпоратив өткізсе де, салық төлерде оның шығынын шегеретіндер аз, себебі әуресі көп. Сондықтан қоғамдық тамақтану саласы үшін оңайлатылған режим ең оңтайлы шешім болып есептеледі.
Оңайлатылған режимнің артықшылықтары:
- Айналым бойынша рұқсат етілген сома өте жоғары — 600 000 АЕК-ке дейін (2025 жылы бұл көрсеткіш 2 359 200 000 теңгені құрайды)
- ҚҚС-ға қатысты шектеулер жоқ
- Мөлшерлеме — 2–6% (Бұл көрсеткіш өңірге байланысты өзгереді. Жергілікті мәслихаттар 1 желтоқсанға дейін 2026 жылдың мөлшерлемелерін бекітеді)
- Қызметкерлер санына шектеу жоқ
- Ісіңізді бірнеше қалада жүргізуге рұқсат. Алматы, Астана, Қарағандыда кәсібіңіз болса, әр нүкте үшін салықты орналасқан қаладағы айналымға сай төлейсіз.
Мейрамхана бизнесі үшін бұл режим аса қолайлы, себебі сатып алған заттарының тең жартысы құжатсыз жеке тұлғалардан алынады. Жалпы режимде мұндай шығындарды есепке алмайды, сондықтан пайда ресми түрде жоғарылап, салық көлемі де артады.
Басты ереже — айналымды жасырмау. Цифрлық бақылау салық органдарына жанама деректерге сүйеніп-ақ, пайданы есептеуге мүмкіндік беріп жатыр. Қолма-қол ақша, аударымдар, «астыртын» тәсілдер үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне бірыңғай QR-дың енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемді жеңіл әрі арзан ететіні анық.
Қонақүйлер корпоративтік клиенттерді қабылдау үшін үшін ЖБР-ға көшуге мұқтаж
Қонақүй бизнесінде мәселе қиынырақ. Егер тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсеңіз, оңайлатылған режиммен жұмыс істеу беруге де болады.
Бірақ қонақтарыңыздың арасында іссапармен келетіндер көп болса, жағдай біршама өзгереді. Бизнес-клиенттер бұл шығындарды шегергісі келетіні анық. Демек, мейрамхана жалпыға бірдей режимге көшу керек.
Жаңа кодекс жалпыға бірдей режимдегі компанияларға оңайлатылған режимдегі жеткізушілердің шығындарын шегеруге тыйым салатынын ескерген жөн. Қонақүй арнайы режимде болса, корпоративтік клиент өз шығындарын жаба алмайды.
Дмитрий Казанцевтің айтуынша: «Біз қазір тек ЖБР-да жұмыс істейтін, ҚҚС төлейтін қонақүйлерді ғана таңдаймыз. Қымбатырақ болса да, шегерімге қажет құжаттар береді. Өзге нұсқаларды қарастырмаймыз».
Бизнесті бөлшектеу — үлкен қауіп
Көптің ойына жеке тұлғаларға бөлек, заңды тұлғаларға бөлек екі ЖК ашу келеді.
Алайда бұл қаупі жоғары шешім. Кодексте тікелей тыйым салынбағанымен, өзге талаптармен қатар МКК бизнесті бөлшектеуге тыйым салады.
Қонақүй бизнесінде бұл қауіп тіпті жоғары. Бір нысанды екі заңды тұлғаға бөлу мүмкін емес. Бір бөлме бірде бір компанияға, бірде басқа компанияға тиесілі бола алмайды.
Толыққанды екі бөлек қонақүйіңіз болған жағдайда ғана бөлшектеуге болады. Оның өзінде барлық талаптар толық орындалуға тиіс: қызметкерлер екі бөлек, бөлек бухгалтерлер, бөлек келісімшарттар, жұмыс барысы да бөлек болуы керек. Әйтпесе мұны салықтан жалтару ретінде бағалайды.
HoReCa ескеруі керек өзгерістер
- Қоғамдық тамақтану саласы оңайлатылған режимге ауысып, қолма-қол белгісіз пайдадан толық бас тартуы қажет.
- Қонақүйлер корпоративтік клиенттер үлесін анықтап, жоғары болса, ЖБР-ға ауысуға тиіс.
- Желі боп табылатын жобалар оңайлатылған режимнің ірі бизнеске де қолайлы екенін ескеру қажет (айналым сомасы жоғары, қызметкерлер санына шектеу жоқ).
- Бизнестің кез келген түрі есепті ашық жүргізу керек: жаңа кодекс пен цифрлық бақылау астыртын әрекеттерді бірден анықтайды.