Кофе бағасы: жеңілдік жасап, табыстан айырылып қалмау жолы

Кофе бағасы: жеңілдік жасап, табыстан айырылып қалмау жолы

Кофеханада жеңілдік жасау — қауіпті шешімдердің бірі. Оның кесірінен маржадан айырылып, клиент көп болса да, пайда аз келетін жағдайға ұшырауға болады.

Жеңілдіктің табыс мөлшеріне қалай әсер ететінін және «Алтыншы кофе тегін» деген ұсыныстар тікелей жеңілдіктен неге тиімдірек болатынын цифр көмегімен көрсетейін.

Алматы мен Астанадағы негізгі цифрлар

Бір шыныаяқ кофенің бағасы орта есеппен 1 390 теңге, ал фудкосты (кофе, сүт, стақан, қақпақ) 25% — 350 теңге болады.

Арнайы ұсынысы жоқ бір шыныаяқ кофенің экономикасы мынадай:

  • табыс — 1 390 теңге
  • фудкост — 350 теңге
  • жалпы пайда — 1 040 теңге
  • жалпы маржа — 74,8%

Бұл 1 040 теңгенің ішінде жалға алу ақысы, еңбекақы, салықтар, маркетинг шығыны және кофехана иесінің пайдасы бар.

Тікелей жеңілдік жасағанда не болады

Мысал ретінде 20% жеңілдікті есептейік.

Қонақ көретін баға: 1 390 теңге − 20% = 1 112 теңге

Бір шыныаяқ кофенің экономикасы:

  • табыс — 1 112 теңге
  • фудкост — азаймайды — 350 теңге
  • жалпы пайда — 762 тенге

Не өзгерді:

  • Табыс 278 теңгеге азайды.
  • Жалпы табыс 27% азайды.
  • Жалпы маржа 74,8%-дан 68,5%-ға дейін азайды.

Маңызды жайт: бұл жағдайда фудкост сол қалпында қалады да, жеңілдік маржадан шегеріледі. Кофехана маржасы 15–20% болса, мұндай жеңілдік тапқан табысты нөлге теңестіреді немесе тіпті минус қылады.

Жаппай жеңілдік жасағанның P&L есебіне теріс әсері

P&L — бұл бизнестің табысы мен шығынын көрсететін есеп. Тікелей жеңілдік жасаған кезде:

  • сіз әр шыныаяқтан шығындаласыз
  • қонақтар арзан бағаға үйреніп қалады
  • жеңілдік болмаса, сауда көлемі азаяды
  • чектегі сома азайып, қызметкерлердың жұмысы көбейеді

Бұл жағдайда кофеханаңыз ақша тапқанның орнына клиенттердің жағдайын жеңілдетеді.

Ұсыныс пен жеңілдікті бірдей жағдайда салыстырайық

Клиентке екі түрлі жолмен алты кофе саттық делік:

  • алты кофені 20% жеңілдікпен саттық
  • бес кофенің ақысын толық алып, алтыншысын тегін бердік
Көрсеткіш20% жеңілдігі бар алты кофеАлтыншы кофе тегін
Фудкост2 100 теңге2 100 теңге
Пайда6 672 теңге6 950 теңге
Жалпы пайда4 572 теңге4 850 теңге
Жалпы маржа68,5%69,8%

 

«Алтыншы кофе тегін» ұсынысы тиімдірек екені анық:

  • жалпы пайда +278 теңге
  • маржа +1,3%

Ал сатылған кофенің саны бірдей болып тұр.

Арнайы ұсыныс жасаған неліктен тиімдірек

Жеңілдік жасағанға қарағанда арнайы ұсыныс жасаған тиімдірек:

  1. Жеңілдік маржадан шегеріледі. Арзан сатылған кофеден табыс аз түседі.
  2. «Тегін алтыншы кофенің» шығыны кофенің өзіндік құнына тең. Яғни айналымдағы ақшаға тиіспей, бекітілген 350 теңгеге шығындаласыз.
  3. Мәзірдегі баға құнсызданбайды. Қонақтар «арзан кофеге» үйренбейді.
  4. Қайтып келетін клиент саны өседі. Қонақтарыңыз бір-ақ рет емес, кемінде алты рет қайтып келеді.

Яғни сіз клиентті ұстап қалу үшін табысыңыздан емес, кофенің өзіндік құнынан төлейсіз.

Жеңілдік жасағандағы бас қате

Пайыз жеңілдігі қауіпсіз көрінгенімен:

  • айналымның шығын өтеуге жұмсалатын бөлігін азайтады
  • маржа 70–75% болса, 20% жеңілдік табыстың үштен бір бөлігін жеп қояды

Есте сақтаңыз:

Клиенттің қайтып келу жиілігін немесе сатылған кофе санын көбейтпейтін жеңілдік — қауіпті жеңілдік.

Пайдалы кеңестер

Алматы мен Астанадағы шағын және орташа кофеханаларға:

  • пайыз жеңілдігін әдетке айналдырмау
  • мәзірдегі бағаны төмендетпеу
  • «Алтыншы кофе тегін», бонус кофе, жинақ картасы, апселл (десерт + кофе) сияқты ұсыныстарды пайдалану тиімді болады

Арнайы ұсыныстар бағаны төмендетіп қана қоймай, сауда көлемін көбейтуге тиіс.

Баға орнату – бәрін «арзанырақ етуге» тең емес. Баға маржаны сақтап, сауда көлемін көбейтуге тиіс. Қысқаша айтқанда, пайыз жеңілдіктер табыс көлемін азайтады, ал арнайы ұсыныстар сауда көлемін арттырып, табысыңызды сақтайды. Тиімді маркетинг кофехана экономикасын бұзбауға тиіс екенін есте сақтаңыз.